hydra-lipbalmТемператураның ауытқуы және қала пәтерлеріндегі құрғақ ауа – әдемі еріннің ең қатал жаулары. Күнделікті мұқият күтім жасау арқылы қыстан еш алаңсыз шығуға көмектеседі!

1. Қысқы тазарту – мүмкін болатын ең нәзік тазалау. Макияжды тек сүтпен немесе мицеллярлық сумен кетіріңіз, ал өлі жасушаларды аптасына 1-2 рет нәзік скрабтың көмегімен кетіріп тастаңыз.

2. Табиғи майлар – зәйтүн, майсана, кокос майлары және Е дәрумені қосылған далапты және бальзамдарды пайдаланыңыз. Ерінді далада ғана емес, ұйықтар алдында да қорғаусыз қалдырмаңыз.

3. Ерінді уқалап сылауды ұмытпаңыз – бұл қан айналымын жақсартады және терінің қалпына келуіне көмектеседі. Массажды жұмсақ қылшақпен немесе жәй ғана саусақтарыңызбен де жасауға болады.