Сіз сайттың басқа нұсқасында аймақты таңдағалы тұрсыз. Өткен жағдайда, сізге тауарларды себетке қайта жинау керек болады
Әр адам өзінің біліміне, жасына және әлеуметтік деңгейіне қарамастан Faberlic-те кез келген мақсатына жете алады: қосымша табыс тауып, қаржы жағынан тәуелсіз болуға және өз армандарын іске асыруға мүмкіндігі бар.
Дегенмен, бәрін біржақты ғана қарастыруға болмайды. Құс бір қанатымен ұша алмайды емес пе? Сол сияқты адам да тек табыс көзімен ғана барлық мұқтажын қанағаттандыра алмайды. Faberlic баршаңызға бизнес құрып, қаражат табумен қатар интеллектуалды жағынан, рухани және физикалық тұрғыдан дамуға мүмкіндік береді! Біздің бес ұстанымымыз толыққанды өмірдің көрінісін айқындайды:
1. Отаныңды, ана тіліңді және мәдениетіңді сүй
Кіндік қанымыз тамған жер, халықтың рухани бейнесі, айналадағы адамдар - бұның бәрі бізге күш пен рух береді. Отаныңды жақсарту, оның мәдениетін дәріптеу мен жаңа құндылықтармен танысу бұл - өміріңнің мәнін тереңдету болып табылады.
2. Табысқа жету
Табысқа жету - көптеген үміттің ақталуы болып табылады, себебі ол бізге өзімізді еркін және сенімді ұстауға көмектеседі, рухани дамуға мүмкіндік туғызады. Табысты болу сыртқы жағдайға тәуелді болмау және армандауда шек қоймау дегенді білдіреді.
3. Бірегейлі өнімдер мен қызметтерді ұсыну
Біз косметология, парфюмерия, сән мен дұрыс тамақтану бағытындағы ғылыми жетістіктерді қарапайым адамдарға қолжетімді етуді мақсат етеміз. Әр өнімді өзіміз үшін дайындағандай әзірлейміз және сіздермен әр жаңалығымызды қуана отырып бөлісеміз.
4. Өзіңнің және өз отбасыңның денсаулығы үшін жауапкершілік алу
Сұлулық іштен туатын қасиет, сондықтан біздің мақсат - ешбір сыртқы дерттің өмірдің сәніне көлеңке түсіруіне жол бермеу. Өмірдің барлық қызығын тамашалау, зиянды әдеттерден арылу, дұрыс тамақтану, жақсы ойға берілу - осы қарапайым ережелер арқылы өмірді жақсы жаққа өзгерту.
5. Өзіңді, адамдарды және әлемді дамыту
Дәл қазір қандай сатыда тұрмасақ та, әркез ілгері қарай ұмтылу керек. Біз ой өрісімізді кеңейтіп, ертеңімізді кешегі күнімізден де жақсартуға ұмтыламыз. Айналадағы адамдарға олардың жеке мақсаттарына қол жеткізуге көмектесуге асығамыз.
Біздің бағытымыз – әлемге жақсылық әкелу және Адам баласын дамыту. Біздің этикамыз – бұл өмірдің заңы: не ексең соны орасың. Кім де кім өз ғұмырын, уақытын және бойындағы қуатын сүйген ісіне, Отанына, туған-туыстарына арнап, өзінің сырт келбеті мен рухани дамуына, ойының тазалығына аса мән беретін болса сол адам өз арманына жетері анық.