Сіз сайттың басқа нұсқасында аймақты таңдағалы тұрсыз. Өткен жағдайда, сізге тауарларды себетке қайта жинау керек болады
Ағзаның барлық жасушалары ерте ме, кеш пе бұзылады және олардың орнына жаңалары келеді. Өлетін жасуша басқа жасушаларға бөліну керектігін және босаған орындарды толтыру керектігіне дабыл беретін заттар бөліп шығарады. Жасушаның бөлінуі ДНҚ коды негізінде ақуыз молекулаларын жинаудан басталады.
Ұзақ өмір сүру гены деп ДНҚ-ның ақуыздың жаңа молекулалары туралы ақпараты бар бөліктерін атайды. Олар коллагендік талшықтар және жасуша аралық гель – гиалурон қышқылдарының синтезіне жауап береді. Теріні қалпына келтірудің табиғи үрдісін бастау үшін жасушаларға дұрыс дабыл беріп, оларға табиғи ресурстарды пайдалануға көмектесу керек.
Мойынның жұқа сезімтал терісіне күтім жасау ешқашан кеш болмайды. Жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістер пайда бола бастаған кезде, ол алғашқы соққыны өзіне қабылдайды! Мойынға және декольте аймағына бет кремін жағу арқылы біз дұрыс әрекет етеміз бе?
Мойын терісі бет терісіне қарағанда едәуір жұқа және ол ешқашан майлы болмайды. Керісінше, ол әрдайым дерлік құрғақ тері түріне жатады: қалыпты немесе аралас теріге арналған крем оған сәйкес келмейді. Мойын мен декольте аймағы ерте қартая бастайды, демек ол мұқият күтімді қажет етеді – сізге формуласы қойылтылған және белсенді ингредиенттері көп құралдары қажет болады.
Терінің беткі қабатында үнемі бактериялар өмір сүреді. Олардың ағзаға берер өз пайдасы да жоқ емес, бактериялар инфекцияларға қарсы тұрып, қышқыл мантия тәрізді қабатты құрайды екен, және осы арқылы ағзаны сыртқы ортадан қорғайды.
Терінің табиғи эко жүйесін сақтап қалу үшін, пайдалы бактериялардың жұмысына көмектесу керек екен, сол үшін бізге пребиотиктер қажет.
Пребиотиктер – микрофлора жүйесін қалыпқа келтіретін микроағзалар. Олар пайдалы бактерияларға қоректі субстрат болу арқылы зиянды бактериялардың тарауына жол бермейді.
Түнгі кремдер қалай жұмыс істейді, олардың тиімділігін арттыруға бола ма?
Кешке теріге жағылатын кремнің міндеті – терінің шлактардан арылуына, оны нәрлендіру мен ылғалмен қамтамасыз етуге, табиғи жаңару үрдісін қолдауға және белсендіруге көмектесу.
Біз демалып жатқанда, тері қалпына келеді, нәрлендіру заттарын сіңіреді, сондықтан түнгі кремдердің құрамы өте қанық. Жасушалардың өздігінен белсенді қалпына келуінің дәл уақыты да белгілі – түн ортасынан таңғы төртке дейін.
Арнайы қысқы күтім не үшін қажет? Суық түскенде ешнәрсені өзгертпеуге болады ма?
Қыс мезгілінде (әсіресе жас қосылған сайын) тері анағұрлым құрғайды және оған одан да нәрлендіретін күтім жасау керек. Бұл уақытта сіздің күндізгі креміңіздің қорғаныстық қасиеті ылғалдандыратын қасиетінен басым болуға тиіс – текстурасы одан да тығыз әрі майлы кремдер таңдаңыз.
Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, 40 жастан кейін терісі құрғақ әйелдер саны үштен бірге артады. Қарқынды ылғалдандыру мен терең нәрлендіруді қажет ететіндер үшін, ең танымал қартаюға қарсы Garderica сериясынан басқа, біз құрғақ және өте құрғақ теріге арналған арнайы желіні жасадық.
Желі 3 өнімнен (жасушалық күндізгі және түнгі кремдер және ультранәрлендіретін іркіттен) тұрады, оларды үнемі пайдалана отырып, сіз теріні ұзақ уақыт нәрлендіресіз және ылғалдандырасыз, оны сусызданудан және әжімдердің пайда болуынан қорғайсыз, жаңару және қорғау қабілетін қалпына келтіресіз.
Достар, Faberlic каталогтарында гиалурон қышқылы қосылған өздерінің жақсы көретін оттегі негізіндегі құралдардың жаңа нұсқасы пайда болды. Стильді күміс қаптамадағы өнімдер бұрынғыдан несімен ерекшеленеді?
Faberlic-тің аға бренд-менеджері Елена Созинова жауап береді.
Age Power Expert өнімдерін қандай тәртіпте пайдалануға болады? Құралдардың барынша тиімді жұмыс істеп, нәтижесін қалай кешенді етуге болады?
1-ҚАДАМ – арт. 1060 – «Әжімдерге жол жоқ» концентратын оқшауланған түрде мұрын-ерін қатпарына, көз, маңдай тұсындағы және қастың арасындағы әжімдерге жағамыз.
Концентрат бұлшықеттің жиырылуын лезде бұғаттап, мимикалық әжімнің қалыптасуын тоқтатады.
Жас таңбасын қаншалықты қатаң ұстану керек? 45 жаста Renovage маскасын және Prolixir іркітін пайдалануға бола ма, әлде Garderica 40+ өнімдерін ғана таңдау керек пе?
Әр жас санатына өзіндік ерекшеліктер мен есею кезеңдері тән, сондықтан Faberlic сериясы жасы бойынша топтастырылған. Дегенмен сіздің теріңіздің күйі мен сыртқы келбеті жасыңызға ғана емес, көптеген өзге факторларға: тері типіне, тұқым қуалаушылыққа және өмір салтына да тәуелді.
Expert сериясы салондағы процедураларға балама ретінде әзірленді және басқа сериялардан ерекше ол негізгі емес, арнайы күтім жасауды және белгілі бір мәселені шешу үшін анағұрлым қарқынды әсер етуді көздейді. Expert бағдарламасы терінің терең қарқынды тазартылуын және қабыршақтанылуын қамтамасыз етеді және ол қарқынды күтім жасаудың келесі қадамдарына, мысалға, маска жағуға дайындық болуы мүмкін.