Сіз сайттың басқа нұсқасында аймақты таңдағалы тұрсыз. Өткен жағдайда, сізге тауарларды себетке қайта жинау керек болады
Сұрақ: Менің клиентімнің айтуынша, кремдерді күндізгі және түнгі деп ажырату – бұл жәй ғана маркетингтік айла, оның көмегімен ішінде кремі бірдей неғұрлым көбірек құты сатуға болады.
Күндізгі крем түнгі кремнен несімен ерекшеленеді және таңертең және кешке бір түрдегі кремді пайдалануға бола ма?
Faberlic-тің оттегі негізіндегі косметика дивизионының Директоры Ирина Голянина жауап береді.
Сұрақ: Біздің косметиканың құтыларындағы қара штрих не үшін қажет? Менің бір танысымның пікірінше: қара штрих бұл косметиканың түгел химиядан тұратынын білдіреді, ал бұл штрих неғұрлым ашық болса, құрамы соғұрлым табиғи болады.
Сарапшының жауабы: Қаптаманың осы бөлігін бұрын байқамағандарға түсіндіре кетейік. Құтының жоғарғы бөлігінде, тігістің дәл ортасында ұзындығы шамамен сантиметр болатын кішігірім тік жолақ айқын көрінеді.
Сұрақ: Sengara косметикасын Faberlic-тің оттегі негізіндегі косметикасымен бірге қолдануға бола ма? Бір уақытта – мысалы, таңертең Faberlic, ал кешке Sengara немесе керісінше пайдалануға бола ма?
Сарапшының жауабы: Біз әр түрлі бағыттағы косметиканы бір уақытта араластыруға кеңес бермейміз. Бірақ, мысалы, өзіңізге ұнайтын кез-келген маркалы тазартқыштармен жуынуыңызға болады. Өнімді курспен қолданудан ең жақсы нәтиже аласыз. Курсты аяқтағаннан кейін сіз басқа маркалы кремдеріне ауыса аласыз.
Сұрақ: Sengara каталогында 3-ші қадамды тек суық түскен кезде ғана қолдануға болады деп жазылған, ал сіз оны жылдың кез-келген уақытында пайдалануға кеңес бересіз. Сонымен қайсысы дұрыс?
Сарапшының жауабы: Егер сіз күмәндансаңыз, Sengara каталогында жылдың осы уақытында неден бастау керектігі көрсетілген. Сонымен, барлық қадамды жылдың кез-келген уақытында қолдануға болады. Sengara тиімді жасарту жүйесінің құралдары әртүрлі косметикалық мәселелерді шешеді. 3-ші саты теріні қалпына келтіруге және оның икемділігін жақсартуға бағытталған.
Сұрақ: Аргинин – бұл амин қышқылы деп оқығам. Аргининнің не үшін қажет екенін және оның теріге қалай әсер ететінін клиенттерге қалай түсіндірсем болады?
Сарапшының жауабы: Біріншіден, аргинин әр адамның ағзасында болатынын айта кету керек. Ол бұлшықет тінінің синтезіне қажет азот тасымалдағышы әрі доноры қызметін атқарады. Бұл дегеніміз, ол жасушалардың регенерациясын жылдамдатып, бұлшықеттерге әсер етеді.
Сұрақ: көздің айналасындағы тері үшін біздің іркіттерімізді пайдалануға бола ма?
Сарапшының жауабы: Faberlic ұсынған бетке арналған іркіттерді көздің айналасындағы тері үшін пайдалануға кеңес берілмейді. Осы аймақ үшін арнайы құралдар – көздің айналасындағы теріге арналған кремдер, консилер, три-ролл гелі бар.
Егер сізге қосымша күтім қажет болса, гидрогельді патч-маскілеріне назар аударыңыз. Ол көздің айналасындағы теріні лезде сергітіп, қалпына келтіреді және лифтинг нәтижесін береді. Бұл маскілерді осы тұстарға арналған өзіңіздің креміңізбен бірге пайдалануға болады.
Сұрақ: көздің астындағы ісіну мен қара дақтардан арылуға көмектесетін три-ролл геліне тапсырыс бердім. Оны айналмалы қимылдармен көздің айналасына жаққанда, көзім ашып, шанши бастайды.
Солай болуы керек пе? Бұрын-соңды аллергия болған емес.
Сарапшының жауабы: Бәлкім, сіз EXPERT сериясының (арт. 1036) көздің астындағы ісіну мен қара дақтардан арылуға көмектесетін три-ролл гелін шетке тым жақын жағатын шығарсыз, сол себептен құрал көзіңізге түседі.
Сұрақ: Айтыңызшы, аяққа арналған венотоник кремі – бұл профилактикалық құрал болып табыла ма? Оны тамырлардың түйнеліп кеңеюін емдеу үшін пайдалануға бола ма?
Сарапшының жауабы: Expert Pharma (арт. 1600) сериясының аяққа арналған венотоник кремі профилактикалық құрал ретінде қызмет етуі мүмкін, әсіресе, егер сіз күні бойы «аяқта» өткізіп, өкшелі аяқ киім ұнатсаңыз. Оған қоса, оны тамырлардың түйнеліп кеңеюі кезінде жағдайды жеңілдету үшін пайдалануға болады. Крем дәрі емес, ол косметикалық құралдарға жататындықтан, ол емдейді деп күтпеңіз. Бұл орайда, ол шаршағындықты басып, аяқ алысын жеңілдетеді, ісінуді азайтады және қантамырлардың қабырғасын нығайтады.
Сұрақ: «Айналмалы пластика» кремі (арт. 1078) туралы айтып беріңізші? Оны қалай дұрыс пайдалану керек және немен біріктіруге болады?
Сарапшының жауабы: Expert сериясының «Айналмалы пластика» бетке және мойынға арналған кремі (арт. 1078) бет контурын тартады және нығайтады, механикалық әсер етулерге төзімділігін арттырады. Бет пен иектің төменгі бөліктерінің салбырауын болдырмайды, бет сопақшасының деформацияланып өзгеруін болдырмайды. Терінің серпімділігін, тығыздығын және тонусын қайтарады.
Сұрақ: «Бетке арналған жылдам әрекет ететін ультралифтинг» іркітінің үстінен рең беретін кремді жағуға бола ма? Іркітті қалай дұрыс қолдануға болады?
Сарапшының жауабы: Ең алдымен іркітті «бір жаққа шығарда», яғни ерекше жағдайларда қолданады, өйткені лифтингтің әсері 4-5 сағатқа жетеді. Іркіт тұрақты күтім жасау құралы болып табылмайды. Оның міндеті – теріні механикалық түрде тарту, беттің жас кездегідей сопақшасын біраз уақытқа қалпына келтіру.