Сіз сайттың басқа нұсқасында аймақты таңдағалы тұрсыз. Өткен жағдайда, сізге тауарларды себетке қайта жинау керек болады
Сұрақ: Менің жасым 18-де, Expert сериясын (құрамында АНА қышқылы бар химиялық пилинг пен терідегі ұсақ тесіктердің көлемін кішірейтуге арналған кремді) пайдалануыма бола ма? Және бұл жаста оны қалай пайдалануға болады?
Сарапшының жауабы: Егер ұсақ тесіктер расымен кеңейіп, бұл сізді уайымға салса, осы тесіктердің көлемін кішірейтуге арналған кремді кез келген жаста пайдалануға болады. Бұл кремді әдеттегі құрал сияқты, теріні әбден тазартқаннан кейін пайдалану керек. Кремді таңертен және кешке жағу керек.
Сұрақ: Faberlic-тің ассортиментінде секпілді ағартуға арналған крем бар ма?
Сарапшының жауабы: Біздің ассортиментімізде секпілден арылуға көмектесетін арнайы құрал жоқ. Бірақ, құрамында Rala молекуласы бар барлық құралдың жеңіл ағартушы нәтиже беретіні құпия емес, себебі ол қан айналымын, теріні нәрлендіруді жақсартады және бет реңін жақсартады. Әрине, пигментацияға қарсы ең жақсы шара — бұл күннен қорғайтын құралдарды пайдалана отырып, күннен қорғану, бірақ оған қарамастан секпіл пайда болса, Expert сериясының химиялық пилинг процедурасын бастауға кеңес береміз.
Сұрақ: Мен тері тесігін тарылтуға арналған Faberlic препараты туралы көбірек білгім келеді. Оның тиімділігі мен әрекет ету принципі қандай? Тері тесігін азайтуға арналған Faberlic кремін қолдануды бастамас бұрын нені білу керек?
Expert сериясының тері тесігінің мөлшерін азайтуға арналған крем кеңейтілген тері тесігінің пайда болу себебіне әсер етеді. Оларда май, кір, сәндік косметиканың қалдықтары жиналады, осындай тері тесіктерінің шеттері – терінің қатайған буылтықтары, осылардың салдарынан тері тесіктері тартылмайды да, әрдайым ашық қалады.
Сұрақ: Expert көрінбейтін консилері қабақ терісіне күтім жасай ма әлде ол маңызды кездесулерге арналған декорация ғана ма?
Сарапшының жауабы: Expert сериясының қабаққа арналған көрінбейтін консилері (арт. 1037) – бұл «декорация» емес, ол нақты әрекет ететін және өте тиімді крем.
Көптеген керемет қасиеттерді бір кремге біріктіруге бола ма? Крем теріге күтім жасауға және бір уақытта кемшіліктерді жасыруға қабілетті ме? Енді бұл Faberlic ұсынған оттегі негізіндегі жаңа өнімнің көмегімен мүмкін болды!
Оны «барлығы біреуінде» немесе «құтыдағы фотошоп» кремі деп атайды. Ол лайықты түрде жылдың косметикалық хиті болып саналады. Және мұның бәрі – ВВ-кремі!
Сұрақ: Менің бір клиентімнің пайымдауынша, кремнің бірде-бір молекуласы тіректі жарғақтың астына енбейді. Демек, біздің белсенді заттарымыз ДНҚ молекулаларына, коллаген талшықтарының қалпына келуіне немесе терідегі жасушалардың көбею сапасы мен жылдамдығына әсер етеді деп айтуға құқығымыз жоқ.
Біздің заттарымыз терең қабаттарға қалай енетіні туралы айтып беріңізші және егер кремнің молекулалары шынымен де үлкен болса, онда Novaftem-O2 капиллярларға қалай еніп, теріні ішінен оттегімен қалайша қанықтырады?
Сұрақ: Жазда дәрігер балама бактериофагтарды белгіледі. Оларды тоңазытқышта сақтайды, әйтпесе олар өліп қалады. Sengara өнімдерінде бактериофактар қандай күйде болады? Егер олар консервіленген болса, демек олар тірі емес пе?
Бактериофагтары бар өнімдерге температураның ауытқуы қалай әсер етеді, өйткені жеткізілім әртүрлі ауа-райы шартында жүргізіледі емес пе?
Сұрақ: Faberlic өнімдерінің сақтау мерзімі — 18 ай. Бұл кез-келген басқа косметикалық өнімдерге қарағанда екі есе аз. Бұл сіздің косметикаңызда консерванттар екі есе аз дегенді білдіре ме?
Сарапшының жауабы: Біздің өнімдеріміздегі консерванттар кез-келген басқа өнімдерге қарағанда 10 есе аз! Оның құрамында қажетті консерванттардың абсолютті минимумы бар.
Сұрақ: Косметикадағы гормондар туралы сұрақ қойғым келеді. Олар Faberlic-тің қандай өнімдерінің құрамында бар? Ол терінің күйіне қалай әсер етеді? Гормондар фитогормондардан қалай ерекшеленеді?
Сарапшының жауабы: Faberlic маркасының бірде бір құралының құрамына гормондар кірмейді. Оларды заң бойынша косметикада пайдалануға тыйым салынған. Бірақ біздің кейбір өнімдеріміздің құрамында фитогормондар бар.
Сұрақ: Неліктен өнімдердің құрамына кіретін ингредиенттер орыс тілінде жазылмаған? INCI дегеніміз не?
Сарапшының жауабы: Қаптамада құрамын көрсету үшін біз косметикалық ингредиенттердің Халықаралық номенклатурасын – INCI (International Nomenclature of Cosmetic Ingredients) пайдаланамыз. Бұған Ресей заңнамасында тыйым салынбаған. Өйткені, барлық ингредиенттер аударылмаған және орыс тілінде косметикалық компоненттердің жалпы қабылданған ресми анықтамалығы жоқ.