Сіз сайттың басқа нұсқасында аймақты таңдағалы тұрсыз. Өткен жағдайда, сізге тауарларды себетке қайта жинау керек болады
Инновации в уходе за тканями делают наш быт проще и приятнее. Новые форматы, суперэффективные формулы, удобство использования и экономичность – вот что такое умная стирка!
Faberlic ұсынған киім-кешекке арналған ультракондиционерлердің (арт. 11037 және 11038) құрамында хош иіс беретін капсулалары бар — бұл шағын контейнерге «салынған» және оны пайдаланған кезде белсенді болатын хош иістің ұқсас бөлшектері.
Кір жуған кезде хош иіс беретін капсулалары сіздің киіміңізде тұнып қалады және басқа бальзамдармен жуған кездегідей, ол бірден буланып кетпейтін балғын хош иіске айналады. Үйкелген кезде зат бірте-бірте хош иіс шығарады.
Балалардың заттарын жуғанда тазалықтан бөлек, залалсыздандыру өте маңызды, сондықтан оны кем дегенде 60 градус температурада, дақ кетіргіш-ағартқышты қолдана отырып жуған дұрыс – оның компоненттері қосымша бактерияға қарсы әсер етеді.
Дәл осы себептерге байланысты ұқсас ұсыныстар кез келген түкті төсек-орын мен сүлгілерді, ас үй сүлгілерін, сондай-ақ түкті халаттарды, мақта іш киімдерін және пижамаларды жууға да қатысты.
Кремнің (арт. 11158) рецептурасы өсімдік текстес шикізаттан және құрылымы өте ұсақ болып келетін табиғи жұмсақ минералдан алынған белсенді жуғыш заттарды комбинациялау негізінде жасалған.
Осының арқасында ол қатаймаған әртүрлі ластануларға қатысты жоғары тазартқыш қасиетіне ие болуымен және бұл кезде, жұмсақ әсер етуімен сипатталады, сондықтан оны жылтыр металл беткейінде де пайдалануға болады.
Faberlic сізге жұмсақ, табиғи жуғыш компоненттері пайдаланылған кір жууға арналған құралдарды ұсынады. Бұл құралдар әлемдегі ғылымның барлық соңғы беталыстарын ескере отырып әзірленген, сондықтан оны тіпті балалардың заттарын жууға да пайдалануға болады.
Алайда, жауапты өндіруші ретінде біз жаңа туған нәрестелердің заттарын жууға арналған құралдарды ерекше мұқияттылықпен таңдауға кеңес береміз (біздің өнімдерімізді немесе басқа компаниялардың құралдарын таңдайтыныңызға қарамастан).