Кептіреді, құрғатып жібермейді! №6 каталогтың жаңа өнімі | Faberlic

Faberlic-тің шашқа арналған фені – бұл  тиімділігі жоғары әрі қуаты 2000 Вт құрылғы, ол шашты еш қиналмастан кептіріп, мінсіз сәндей алады. Ауаны иондау функциясының арқасында шашты ыстық ауамен кептірген кезде сіздің шашыңызға зиян келтірілмейді. Иондану жиналған статикалық электрленуді кетіріп, ылғалды ұсақ бөлшектерге бөледі, мұның арқасында ол шаштың негізіне оңай әрі жылдам сіңіп кетеді.

Артықшылықтары:
•    «Салқын ауа» функциясы – шаш үлгісін анағұрлым тиімді қатайтуға арналған;
•    3 температуралық режимі;
•    Ауа ағынының 2 жылдамдығы;
•    Ауаны 360°-қа үйіру функциясы бар концентратор: жылдам кептіру және жеңіл уқалаушы нәтиже;
•    Шашты сәндеуге арналған тар саптама-концентраторы, ол стильші тәрізді айрықша дәлділік пен нәтиже алу үшін ауа ағынын бағыттайды;
•    Көлем беруге және бұйралауға арналған саптама-диффузоры;
•    Көп атқарымдық корпусы: жиналмалы үйкек және оңай тазартуға арналған алып-салмалы сүзгі.