Кореядан махаббатпен! №6 каталогтың жаңа өнімі | Faberlic

iSeul гидрогельді патчтары – сенің жаңа махаббатың және сенің сұлулығың үшін нағыз must have! Патчтар көз айналасындағы нәзік, жұқа әрі сезімтал теріге арнап жасалған. Бьюти-өнім теріні тиімді ылғалдандырады, кішігірім мимикалық әжімдерді тегістейді, ісінуді азайтады және қабақ терісіндегі жастық өзгерістердің пайда болуына кедергі келтіреді. Патчтар арнайы биоматериал – гидрогельден жасалған, ол сергіткіш әсерін береді, сондай-ақ терінің терең қабатына эссенцияның белсенді әрекет ететін компоненттерінің тамаша өткізгіші болып табылады.

Bird’s Nest (салангана ұяларының сығындысы) – аса құнды косметикалық ингредиент, ол теріні амин қышқылдарымен және маңызды макро- және микроэлементтерімен нәрлендіреді.

Пептидтер кешені – әжімнің пайда болуын болдырмайды және оны азайтады, теріні әлдеқайда жас, тегіс әрі созылмалы етіп, оны нығайтады. Терінің тығыздығын қамтамасыз ететін ақуыздың синтезін арттыруға көмектеседі.

Хлорелла сығындысы – тұщы су балдыры, косметикалық құндылығы тұрғысынан алғанда оны пайдалану теңіз балдырынан алынатын әсерден де асып түсуі мүмкін. Ол тиімді жасарту әрекетіне ие болып келеді, көздің астындағы қаралықтың көрінуін азайтады.