Қалпына келтіру және күтім жасау! №6 каталогтың жаңа өнімі | Faberlic

Dr. Core – корнеотерапия қағидасы бойынша жасалған Faberlic косметикасының бірінші сериясы.

Серияның құрамындағы белсенді компоненттер теріде жүріп жатқан табиғи механизмдерге ұқсас болып келеді – эпидермистің мүйізқабатына ене отырып, ол заттар мен құрылымдардың жетіспеушілігінің орнын толтырады, бұл терінің одан да терең қабаттарының ары қарайғы регенерациялануына жәрдемдеседі. Ғылыми тәсіл нақты дерматологиялық мәселелерді шешетін құралдың бірегей сериясын жасауға мүмкіндік берді.

Dr. Core ұсынған «ҚҰРҒАҚ ТЕРІНІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» сериясы
гидролипидті теңгерімді қалыптандыру және терінің қорғаныстық тосқауылын қалпына келтіру үшін арнайы әзірленіп жасалған.
SK-INFLUX® V церамидтер мен майлы қышқылдардың белсенді кешені терінің тосқауылдық функциясын қалпына келтіреді, сыртқы ортаның жағымсыз факторларынан және қартаю факторларынан қорғайды. АКТИВ AD-RESYL® атопияға бейім терінің қалыпты күйін ұстап тұрады. Терінің қорғаныстық тосқауылын күшейтеді және терідегі табиғи ылғалдандырушы заттардың синтезін белсендіреді.