Мінсіз дайындық! №6 каталогтың жаңа өнімі | Faberlic

Do The Best – бұл макияжды мінсіз түрде жағып, бетіңіздегі мейкапты күні бойына сақтап қалу үшін сіздің теріңізді дайындайтын праймерлер топтамасы! Топтама декоративтік косметиканы әзірлеушілермен бірлесе отырып жасап шығарылды және ол Faberlic ұсынған макияждың кез келген құралдарымен тамаша үйлеседі.

Feel the Matt күліңгірлейтін праймер
Көпіршітілген суфлеге ұқсас текстурасы өте нәзік әрі жұмсақ, ол бетіңізді макияж жағуға дайындай отырып, сіздің теріңізді ерекше нәзік әрі жұмсақ етеді. Праймер санаулы секунд ішінде теріңізді барқыттай, тегіс әрі күңгірт етеді.

Hydration Hits ылғалдандыратын праймер іркіті
Су негізінде жасалған жеңіл гель тәріздес текстурасы теріні керемет тегістеп, ылғалдандырады және макияжды біркелкі етіп жағуға дайындайды. LIQUID DROP технологиясы: капсуланың әр тамшысында белсенді ылғалдандыратын компоненттері шоғырланған. Теріге жаққан кезде капсула ашылып, оған өзінің барлық ылғалдандырушы компоненттерінің күші мен қуатын береді!

Pore Strike терідегі ұсақ тесіктерді түзетуге арналған праймер
Өте жеңіл текстурасы теріге оңай жағылады, рең беретін құралдың бетке біркелкі әрі жеңіл жағылуы үшін беткейді тегіс және бірқалыпты етеді.

Hold My Look қабаққа арналған праймер
Бұл өнім көзге айқын макияж жасау үшін өте қажет! Көз бояуының ашықтығын күшейтеді, оны анағұрлым тығыз әрі қанық етеді, көз бояуының ерекше беріктігін қамтамасыз етеді.

Do The Best топтамасымен бірге дәл қазір макияж жасауға дайындықты бастаңыз!