VOLUME & STYLE – стильді таңдау! №9 каталогтың жаңа өнімі | Faberlic

Стайлинг – бұл шашты сәндеуге арналған құралдар, бұл құралдардың көмегімен шашты стильді үлгілеуге, сондай-ақ жеке міндеттер мен қажеттіліктердің шешімін табуға болады.

Volume & Style сериясы әрдайым стиль ағымында болатындар үшін арнайы жасалған. Шашты өзекті сәндеуді қадағалап, мұны қайталауға және өзіне таңырқай қараушыларды байқауға дайын болғандарға арналады. Шашты қорғап, жылдам сәндегіңіз келе ме? Бұл оңай!

Кератин кешені
Шашты сауықтыруға және күшейтуге арналған. Шаштың құрылымына ене отырып, кератин қалыптасқан қуысты толтырады, соның нәтижесінде ол шашыңызды осал болудан және ұштанудан қорғайды.

UV-сүзгілері
Арнаулы құрамы шаштың құрылымы мен түсіне жағымсыз түрде әсер ететін ультракүлгін сәулесінің әсерін бейтараптандырады.

Талғампаз хош иіс
Парфюмделген жеңіл формуласы шашыңызды гүлді-цитрус хош иісінің вуалімен баурап алады. Ұнамды әрі жалықтырмайтын ноталары стильді шаш үлгісіне мәрелік штрих береді, ал композицияның әсем әрі нәзік хош иісі негізгі парфюммен үйлеспеушілікті жоққа шығарады.