80 руб бағамен Extra White оттегі негізіндегі ағартқыш құралының шағын үлгісі 30030 сатып алу — FL-SHOP интернет-дүкені

Салмағы: 40 гр.

Енді киімдерді химиялық жолмен тазартудың еш қажеті жоқ. Оттегі негізіндегі жаңа ағартқыш құрал маталардың бастапқы ақ түсін қалпына келтіреді және ескі дақтарын да кетіреді!

Оттегі негізіндегі Extra White ағартқыш құралы кір жууға арналған кәсіби құралдар арасындағы инновацияларды ескеру арқылы немістің Rohm & Werner* компаниясымен бірігіп шығарылған.

  • Ақ және ашық түсті маталардан, перделерден әр түрлі дақтарды (тердің, шөптің, қанның, жеміс шырынының, шайдың, кофенің, шараптың, майлы дәмдеуіштердің, жасыл дәрінің, йод, майдың, шайырдың және т.б.) кетіруде тиімділігі жоғары.
  • "Белсенді ағарту" технологиясының арнайы формуласы бастапқы ақ түсті қалпына келтіреді, матадағы сұрлану мен сарғаюды кетіреді.
  • Бастерияларды жоюда тиімді әсер етеді (кір жууға ұсынылатын температура 60°С-дан жоғары) және жағымсыз тұрақты исті кетіреді.
  • Талшықтардың құрылымын бұзбайды.
  • Құрамында бояғыш заттар мен хош иістендіргіштер жоқ.
  • Құрамында хлор мен фосфат жоқ.
  • Кір жуатын ұнтақтың матадағы сұрлану мен сарғаюға қарсы әсерін күшейтеді.
  • Ақ және ашық түсті маталарға жарамды.
  • Мата үшін қауіпсіз.
  • Дақтарды алдын ала өңдеуге, жібітуге жіне негізгі кір жуатын құралға (гельге нмесе ұнтаққа) қосымша ретінде қолмен немесе машинамен кір жуу барысында пайдалануға ұсынылады.

*Rohm & Werner Еуропалық нарықта қабылданған, тұрақты даму және адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпсіздік қағидаттарына сәйкес келетін жоғары тиімді концентрацияланған өнім өндіруге мамандандырылған. Rohm und Werner GmbH - A.I.S.E., тұтынушылар мен қоршаған ортаға назар аудара отырып, өндіріс принциптерін ұстанатын жауапты өндірушілерді біріктіретін жуатын және тазалайтын құралдардың халықаралық қауымдастығының мүшесі (Хартия 2020+).

Жарамдылық мерзімі: қаптамада көрсетілген өндірілген күннен бастап 24 ай.

Сәйкестік туралы сертификат

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі



"Фаберлик" АҚ тапсырысы бойынша дайындалды, Ресей, Мәскеу, Никопольская көш., 4
Өндіруші ел: Германия

Құрамы: 30 % және одан көбі оттегі негізіндегі ағартыш, 15-30%: натрий карбонаты, натрий гидрокарбонаты , 5 % кемі: ағартқыштың активаторы, бензосульфон қышқылының туындылары, НПАВ, энзим кешені (протеаза, амилаза, маннаназа, липаза).

Ағартқыш құралдың экологиялық құрамы:

  • strong> оттектің белсенді формасы бар минералды қосылыс (перкарбонат - оттегі негізіндегі ағартқыш) түрлі дақтарды кетіреді, ағартады, сарғаюды жояды, дезинфекциялық әсерге ие;
  • органикалық тұз, целлюлоза туындысы (антиресорбент) - матаны жұмсартады және қорғайды, сұрланудан қорғайды ;
  • органикалық амин (ағартқыш активаторы) төменгі температуларды кір жуу барысында оттегі негізіндегі ағартқыштың әсерін күшейтеді;
  • биологиялық ыдырайтын жуғыш зат компоненті (бензосульфон қышқылының туындылары) кірді белсенді түрде жояды, май дақтарына қарсы өте тиімді;
  • табиғи ферменттер (энзимдер кешені) - протеазаның, амилазаның және липазаның, маннаназа мен липазаның әртүрлі дақтарды күшпен кетіруге бағытталған синергетикалық кешені;

Жүн мен жібекке пайдаланбаңыз. Құрамында хлоры бар ағартатын құралмен араластырып пайдаланбаыз.

Пайдалану тәсілі:

Кір жуу үшін : ағартқыш құралдың көрсетілген мөлшерін кір жуатын ұнтақпен немесе гельмен бірге кір жуатын машинаға құйыңыз.

  • құнарландырылған кір жуатын әмбебап ұнтақ қолданғанда - 20 г ( мөлшерлегіш қасықтың 1/2 көлемі);
  • түрлі-түсті киімдерге арналған құнарландырылған кір жуатын әмбебап ұнтақ қолданғанда - 40 г (1 мөлшерлегіш қасық );
  • Қатып қалған дақтар үшін мөлшерін 20 г арттырыңыз ( 1/2 мөлшерлегіш қасық).

Дақтарды кетіру және суда жібіту үшін: 20 г (1/2 мөлшерлегіш қасық) мөлшерлегіш қасықпен 1/2 ағартқыш құралды даққа жағып, 20- 30 минутқа қалдырыңыз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін кем дегенде 60 ° C суды пайдаланыңыз. құрғатыңыз.

Суда жібіту үшін: 40 г (1 мөлшерлегіш қасық) ағартатын құралды 2 л ыстық суда ерітіңіз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін кем дегенде 60 ° C суды пайдаланыңыз. Қолданар алдында өнімді түстердің беріктігіне көз жеткізіңіз: ерітіндіні киімнің айқын емес жеріне жағыңыз және құрғатыңыз.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тек мақсатына сәйкес пайдаланыңыз. Қолданғаннан кейін қолыңызды мұқият жүыңыз. Қолданғаннан кейін тамақтанбаңыз, ештеңе ішпеңіз және шылым шекпеңіз.

Абайлаңыз! Көздің ауыр зақымдануын тудырады. Көзге түскен жағдайда 15-20 минут бойы судың көп мөлшерімен жуыңыз. Көздегі линзаны алып тастаңыз (бар болған жағдайда).

Назар аударыңыз! Терінің жоғары сезімталдығы немесе қол терісінің зақымдануы кезінде резеңке қолғапты қолдану керек. Зақымдалған теріге түскен жағдайда сумен мұқият шайыңыз. Жұтып қойған жағдайда зиянды болуы мүмкін. Кездейсоқ жұтып қойған кезде ауызды сумен шайыңыз. Өніммен ұзақ уақыт тыныстап қойған кезде таза ауамен демалу керек. Өзіңізді нашар сезінген жағдайда міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажет, өзіңізбен бірге қаптаманы (этикетканы) алғаныңыз жөн.

Тығыз жабылған құтының ішінде, салқын жерде сақтаңыз. Күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғап, +5 °C-ден + 30 °С дейінгі температурада сақтау қажет.

  Пайдаланушы Ұсыныс
(735162640)
Margarita T.
Минск г.
21.04.2023
Один пакет на один раз. С задачей справляется хорошо. Не воняет, не портит ткань.
(720317710)
Martyna L.
Schaerbeek
01.11.2021
Wow! Excellent poudre à lessive déjà deuxième fois chez moi.
(722081359)
Rescalvo J.
Miranda de Ebro
28.04.2021
Buenísimo para la ropa blanca, la deja con un frescor muy agradable y el blanco radiante. Es un producto excelente yo lo uso para las cortinas.
Нәтижелер 1 ішінен 3 - 3