Aromaty-article-1

Парфюмерия – бұл да психология. Бір жағынан тікелей ассоциациялар мен объективті табиғи әсерлер, екінші жағынан - өткен уақыттың естеліктері. Иістер адам санасының түбінде жатқан сезімдерді оятуға немесе керісінше, бойды билеген ыстық эмоцияларды тыныштандыруға қабілетті. Олар, сондай-ақ біздің өзімізді және өмірімізді өзгерте алады.

Бұлай ойлаудың себебі неде дейсіз бе? Өйткені өмір жолы дегеніміз – бұл көңіл-күйдің және онымен байланысты іс-әрекеттердің сан түрлі құбылу кезектілігі, ал көңіл-күйді хош истердің көмегімен басқару – қиын, бірақ орындауға әбден болатын міндет.

ЦИТРУС ӘРДАЙЫМ ҚОЛДАНЫСТА


Сізге қандай да бір нәрсе арманыңызға қол жеткізуде кедергі келтірсе, энергия жинаңыз: цитрустар, өсімдіктер, теңіз самалының хош иістерін пайдаланыңыз. Мандарин мен грейпфрут жасырын резервтерді анықтауға көмектеседі, бергамот ноталары өзін-өзі бағалау қабілетін арттырады, ой-қиялды ынталандырады және көңілсіз ойлардан арылтады. Жас өсімдіктер қоспасы шаршағандықты басады және жаңа жеңістер алдында күшті қалпына келтіреді. Ал теңіз сергектік, шексіз көкжиек толқынына кенелтеді, сіздің көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе алатыныңызға және батыл істерге қадам жасайтыныңызға сенімділік ұялатады.

ҮЙГЕ ОРАЛУ

Сіздің ішкі жандүниеңізбен үйлесетін хош иісті табыңыз – нәтижеге қол жеткізу үшін баршаға бірдей қуат керек бола бермейді, біреулерге тыныштық пен тұрақтылық қажет болып жатады. Әркімнің жайлылық туралы өз көзқарасы бар: бұл күрделі ориенталды хош иістер немесе жұмсақ пудралық композициялар болуы мүмкін, себебі тыныштық деген күйдің де сан қырлары бар.

Promenade-aroma

«Тыныштандырғышты» жеке таңдайды – бұл бақыт туралы естеліктерді шақыратын, жүрекке жылу ұялататын және барлығы жақсы болатындығына сендіретін хош иіс. Әдетте, бұл үйдің, балалық шақтың хош иістері. Мысалы, алма ноталары бар парфюм ауырсыну мен мазасыздануды басады, алаңдау сезімімен күреседі және шынайы және жалған қиындықтардан қорықпауға көмектеседі. Ваниль айналадағы әлемді мейірімді әрі ашық етеді, оны ашық бояуларға бояйды. Шоколад тіпті иммунитетті нығайтуға қабілетті – бұл жарқыл, тәбетті ашатын хош иіс біздің вирустарға сезгіштігімізді төмендетеді, яғни, өмірге үміттене қарауға көмектеседі.

ІСКЕР ӘЙЕЛ

Кәсібін немесе өмір сүру салтын сергек, батыл ырғаққа өзгертуді армандайтын бикештер ерлер акценті бар парфюмді пайдалана бастайды, және де бұл әншейін құмарлық емес. Былғары, самырсын, ладбданум, емен мүгінің ноталары жиналуға, өзіңнің ішкі сезімдерімен бітісуге және стратегиялық қырдан ойлауға көмектеседі.

Ал әдеттегі, әйелдерге тән жұмсақ гүл хош иістері сезімталдыққа, нәзіктік пен шыдамдылыққа үйретеді. Гүлдер мен тропикалық орманның иістері, мамандардың пікірі бойынша, көпшілікке ұнайды – қоршағандар осындай парфюмды сүюшілерге сенім білдіріп, көңілдері ауады, және осындай парфюмды сату жөніндегі менеджерлер мен адамдармен жұмыс істейтіндердің барлығы оны ұтымды пайдаланады.

Aromaty-article-2