New-year-celebration

Біз есейген сайын ғажайыптар өмірімізден кетпейді – оларды біз өз қолымызбен жасайтын боламыз. Жаңажылдық көңіл-күйдің жүрекке қонуы, түн ортасында келген жылдың алғашқы сәттерін үндеп соғып жатқан куранттардың сазымен алақанда еритін қар ұшқыны тамашалау, асыл армандардың орындалуы – барлығы өзімізге байланысты болады.

Қысқы демалыстың тамаша өтуі үшін аздаған ғана ғажайып пен сиқырлықты қайдан табуға болады? Көмекке мейрамды ұмытылмастай ететін жаңажылдық шаттықтың құпиялары келеді.



1. Жылы кездесулер

Жұмыс күндердің күйбелеңі мен таусылмас істер бізді басты дүниеден – Экзюпери «адамдық тілдесу кереметі» деп атаған нәрседен алыстатады. Жіберіп алғанды қайтарудың уақыты келді! 31 желтоқсан күні классикалық кешкі аспен шектелмеңіз, уақытты қызықты өткізудің жолдары көп: бір күн туыстарға арналады - әжелер мен аталарды шақырамыз, отбасылық фотоальбомдарды тамашалаймыз және рождестволық үйректі пісіреміз, басқа күні – көңілді топпен балаларды ертіп сырғанаққа барамыз, үшінші күнді құрбыларымызбен дәмханада өткіземіз ... Қуанышты кездесулер көп болған сайын мерекелер де жыли түседі!  

Faberlic-fashion-Empire-1

2. Күлбикенің бақыты

Бұл қыста ерекше дизайнерлік принті бар ұзын етекті көйлексіз сұлу болу қиындыққа түседі - ол салтанаттылықтың сезімін жасайды және Нағыз Сол көңіл-күйді сыйлайды. Өзіңізге таңдау қуанышын жасауға мүмкіндік береді, Жаңа жылдан кейін сәнді көйлекті қайда кию керек екендігі туралы мазаланбасаңыз болады. Мынадай жағдай байқалды: ұзын көйлек гардеробта пайда болғаннан кейін оны киіп баратын жер – концертке және театрға, салтанатты кеш пен мейрамханаға, тіпті сүйікті құрбыңның үйлену тойына да баруға себептер көбірек болады. Сұлулыққа салынған инвестициялар мен жақсы көңіл-күйдің міндетті түрде есесі қайтады!

3.Баршаға арналған сыйлықтар

Сыйлықтарды сатып алу және қаптау мұның өзі мейрам емес пе. Рахаттану сезімін ұзаққа жалғастырыңыз: тосын сыйларды тек туыстарыңыз бен достарыңызға ғана емес, сізге жай ғана кездесіп тұру ұнайтын адамдарға, жымию мен жақсы көңіл-күй сыйлатындардың барлығына дайындаңыз. Шағын ғана кәдесый, кішкентай құтыдағы хош иіс немесе қолды күтуге арналған жиынтық құттықтауды күтпегендерді әсіресе қуантатын болады.2. Золушкино счастье

Faberlic-fashion-Empire-5

4. ... Және өзіңіз үшін де!

Шопингсіз қандай мереке болады - өз-өзіңізді кешкі макияж, жаңа хош иіс және Platinum топтамасындағы керемет күтіммен қуантыңыз: көптеген жылдардағы еңбегіңіз бен жасаған қамқорлығыңыз үшін сіз оған әбден лайықсыз!

5. Отбасылық дуэт

Балалардың қуанышы айналадағылардың барлығына жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ойыншықтар мен кәмпиттер міндетті түрде күтіледі, ал анасы мен қызының бірдей көйлектер киіп, жұртшылық алдына шығуы мол қуаныш әкеліп, ұзаққа есте қалады. «Ампир» топтамасындағы алтын түстес қамқадан немесе көк барқыттан тігілген сәнді көйлектерді таңдаңыз және достарыңызды шағын флешмобпен таңғалдырыңыз! 

Faberlic-fashion-Empire-3

6. Жайлылық пен сұлулықтың әлемі

Сіз Жаңа жылды қай жерде атап өтсеңіз де, мерекеге дайындалған үй салтанаттың ортасын толық сезінуге мүмкіндік береді. Шыршаны алдын ала дайындаған жөн – жұмыстан қайтып келе жатып, сіз алдағы демалыс күндеріне және қараңғыда жанып тұрған ертегілік шамдарға қуанасыз. Дастарханды жаңа ашық түсті ыдыс жиынтығымен әшекейлеңіз және жаңажылдық көңіл-күйдің басты құпиясын да – бөлмелердегі ғажайып хош иісті де ойластырып қойыңыз.

7.Әсерлер күнтізбесі

Ойын-сауық пен мәдени серуендеулердің кестесін жоспарлаңыз – есте қалатын әсерлер болады және демалыс та белсендірек өтеді. Сонымен қатар, сіз демалыстың бір күнде өтіп кеткендей сезімнен арыласыз. Сізді көптеген жаңажылдық бағдарламалар, көрмелер, серуендеулер және шеберлік сағаттары күтіп тұр. Билеттер туралы қазір ойлаңыз, себебі мұндай демалысты қалайтындардың қатары көп болады!

8.Қайырлы істер

Өзіңіз және өз жақындарыңыз үшін тосын сыйлар дайындағаннан кейін, қалғандары туралы да ойлаңыз. Қайырымдылық шараға тіпті аздап қана қатысудың өзі жаныңызға жайлылық беріп, таңғажайып дүниені ашады, өйткені сіз өз бақытыңыздың кішкентай ғана бөлшегімен осыны қажет ететіндермен бөлістіңіз ғой.

Empire-fashion-2-2

9. Жағымды мен пайдалыны үйлестіру

Сіздің мерекелік бағдарламаңызда тек ойын-сауық қана болмасын. Жаңа жыл – жаңа рецептілерді меңгеру, сіздің уақытыңыз жетпей жүрген, көптен күткен сүйікті іспен айналысу, немесе кейінге қалдырылып келе жатқан кітаптарды оқып шығудың тамаша мүмкіндігі. Бір ғана шарт: мұнымен айналысу сіз үшін шын мәнінде қызықты болуы тиіс.

10. Аздап балалық сезімдерді қосу!

Сізбен бірге мерекелерде болатын кітаптар жинағы, киноленталар мен мультфильмдерді жинақтаңыз – олар балалардыкіндей шынайы және сиқырлы болуы тиіс! Егер сіз ересек адамдардың ертегілерді оқуы біртүрлі сияқты деп ойласаңыз, өзіңіздің балалық сезімдеріңізді еске түсіру және оларды қайтадан сезіну өте жағымды екендігіне таңғаласыз. Сондай-ақ, терезелерге қалың перделер іліп, бүкіл отбасы үшін – попкорнмен және кейіпкерлерді талқылаумен нағыз киносеанс жасауға болады. Бұл барлығын бірге жинаудың тағы бір тамаша себебі!

Faberlic-fashion-Empire-7