shampoo copy Salon Care сериясында Faberlic сусабындарының ішіндегі ерекше күтім жасайтын сусабын бар . оның құрамында сульфатар жоқ, яғни, ол әлсіз шаштардың күтіміне жарамды.

Сульфаттарды, нақтырақ айтқанда SLS (sodium lauryl sulfate), сусабынды барынша көпіршіктендіру үшін қосады. Құрамында SLS бар сусабын шашты тері майынан, көшенің шаңынан, үлгілейтін құралдардың қалдықтарынан шаш қабыршақтарының астынан терең тазартады. Ал егер Сіз жуырда ғана салон қызметіне жүгініп, шашты боятсаңыз, кератин арқылы тузулетсеңіз немесе ламинация жасатсаңыз Сізге кәсіби сульфатсыз косметиканы пайдалануға кеңес берері анық. Себебі тек осы тәсіл шашқа зақым келтірмей, іштен қалпына келуге мүмкіндік береді.

Сульфатсыз сусабын  қатты көпірмейді және қатты кірлеген шашты бір жуғаннан тазарта қоймайды. Шаштың сульфатсыз сусабынға «үйренуі» үшін уақыт керек, есесіне шаштарыңыз кейін қуаттанып, табиғи қалпына келеді. Термоүлгілегіштің кесірінен шаштарыңыз сынғыш, әрі қалыпсыз болса да сульфатсыз сусабынмен жуғаныңыз абзал.