mountains-1Faberlic-тің Волгоградтық  директорының мамыр айындағы демалысы осылайша өтті: Гималаида болды, 5480 метрлік биктікке қол жеткізді, көшпе мұздар, тастар мен тау сұлулығына табынушылар арасында екі апта өмірін өткізді. 29 жасар Александр Самойленко бұл оның өміріндегі ең жақсы демалысы болды деп санайды.

Біз Александрмен мансап пен экстремалды спортты қалай татуластыруға болатындығын, сондай биік шыңдарға не үшін көтеріліп, таулардың адамдарды қалай өзгертетіндігін білу үшін Мәскеуде кездестік. 

Саяхаттағы сіз үшін ең басты нәрсе не болды?

– Нақты бір мақсат қойылды – Эверест базалық лагеріне жету (5364 м). Қосымша - Гокио-Ри тауы мен оған апаратын жолдағы көлдер. Маған бәрінен де Гокио-Риға көтерілу ұнады, ал базалық лагерь, шынын айтқанда, кереметтей әсер қалдырмады.

Тым танымал орын болған соң ба?

– Иә, адам өте көп – бізбен бірге барғандар, алдымыздан шыққандар. Ал Гокио-Риға бұрылғаннан кейін кейбір жерлерде ешкім де кездеспей қойды. Тек таулар мен тыныштық. Біз осы бағыттың бос болған маусымды таңдадық. Табиғатпен оңаша қалып, ойыңды жинақтайсың... Лагерьге дейінгі жол жалпы есеппен 12 күн уақытты, ал төмен қарай жылдам түсу – неәбір екі-ақ күнді алды. Түсу кезінде өтелген парыз сезімі, қандай да бір жайшылық пайда болады. Және де көбірек фотосурет жасауға ұмтылыс!

Өзіне және ортақ табысқа деген сенімділік пе?

- Әрине. Жолды соңына дейін өттім, сұлу жерлерді тамашаладым, қиындықтарды жеңе білдім. Шын мәнінде, ұйықтайтын қаптағы емес, жай ғана нағыз жылулықты сезінгің келеді. Дұрыстап жылыңғың келеді! 

Жаңа шыңды бағындыруға жоспарыңызы бар ма?

- Егер сол топпен бірге жиналсақ, келесі жылы бұл Килиманджаро немесе Монблан болады. Осы жорықтан кейін, мен Эверестті көрген соң, оның шыңына жеткім келді. Бұрынырақ мен күмәнданатынмын, себебі ол дегеніңіз үлкен тәуекел, ал қазір мен осыны қалайтыным айдан анық. 

mountains-2

Екі жыл бұрын Александр Эльбрусқа (5642 м) көтерілді, ал бұл жолы гималайлық бес мыңдық шыңдардың біріне, Гокио-Ри (5483 м), және Эвересттің оңтүстік базалық лагері, планетамыздың ең биік шыңына көтерілу басталатын, бүкіл дүние жүзінің альпинисттерін тартатын нүктеге жетуге бел буып отыр.

Адам тауға жиі барған сайын, және оның маршруттары да күрделі болған сайын, оның да алға жетелейтін ойы күштірек тарта бастайды, дәмін татып, тәуекелге жиі барады. Сіз осыған келісесіз бе?

– Тәуекел жағынан айтар болсам, келісе қоймаймын, ал оның тауға ғашық болатындығы – бұл ақиқат. Мен ғашық болып қалдым. Мен үшін бұл демалыс.

Сіз неліктен өзіңізбен бірге Faberlic жалауың алып шыққыңыз келді?

– Жай әшейін, Непалда Директорлардың ешқайсысы болмады емес пе? Мен өз командам үшін фотосуреттер жасадым – бұл көптеген адамдарды көтермелейді. Оның үстіне, біздің топта басқа желілік компанияның бір қызметкері болды. Біз онымен жақсы араласамыз, татумыз, бірақ сонда да сайыстық көңіл бар.  

– Спорттық және іскерлік жетістіктер, шың мәнінде, бірдей ме?

– Тауда адамдардың өздерің бизнесте ұстайтындығын байқадым. Жоғарыда бұл аса байқалады, себебі барлығы көз алдында: адамдар мен таулардан басқа көретін ештеңе жоқ. Біреуі алға жүреді, біреуі басқалардың артынан ілеседі. Жалғыз істейтіндер бар, сонымен бірге командамен бірге болатындары да бар. Бизнесте, жорықтағы сияқты, жалғыз өзіңнің бір нәрсе жасауың қиынға түседі. Біздің көтерілуіміз барлығымыз бірге болғанымыздың арқасында мәресіне жетті. Қазіргі сәтте сен ғана қиналатындай көрінеді, бірақ алға жүресің, өйткені ортақ мақсатты ұстанасың.

Тауда адамның неңдей қабілеті бар екендігі ашылады. Базалық лагерьге келе жатқан кезде біздің топ бөлінді – біреулері төменге қайтты, басқалары алға жүре берді, бірақ біз алдымен талқылауға біраз уақыт жұмсадық. Төменге қайтқысы келгендер бізді иландыра бастады: «Сендерге бұл не үшін керек? Жол ауыр, қауіпті. Бізбен бірге қайтыңдар». Топта, айтпақшы, тағы бір бизнесмен адам болды, және де оның айтқан сөздері есімде қалыпты: «Олай істеуге болмайды, Егер де менің персоналымның арасынан біреу өзің осылайша ұстаса, мен оны жұмыстан қуып шығар едім». Бұл көшбасшылық қасиет – соңына дейін жету. Егер сен жиналып болсаң, алдыңа мақсат қойсаң, сен дұрыс жолдасың – мәреге жетуің керек.

– Бірақ барлығы маңызды болады: ауа-райы, өзіңді-өзің сезінуің, күтпеген жағдайлар... Тек алға жылжу жеткілікті емес – жағдайда жан-жақты бағалай білу керек.

– Иә! Ал егер саған қандай да бір айтарлықтай қауіп төніп тұрса ше? Шаршадыңба – ол барлығын кері қайтаруға себеп емес. Әдеттегі өмірде де бұл жұмыс істейді. Faberlic Кеңесшілері, мысалы, жұмыс барысында негізді және дәлелсіз теріс жауаптарды жиі естиді; жоқ, жоқ деген соң жоқ – күн сайын! Егер бір, екі, үш, он рет те бас тартып жатса, бұл сенің қолыңнан келмейді дегенді білдірмейді. 

– Спорт немесе басқа қызықты істі бизнеспен қалай үйлестіруге болады? Әсіресе, егер басқаларды басқару, яғни, қадағалау, бағыт көрсетіп отыру, көмектесу қажет болып жатса.

– Кез келген белсенді демалыс немесе спорт қуатыңды алмайды, керісінше, молынан береді. Жинақылық пайда болады, сен өзіңді әрдайым тонуста ұстайсың, сергек боласың. Осы шыңға көтерілуде көп физикалық күш жұмсалды, бірақ менің бір жылға бұрын демалып қалғандай сезімім пайда болды. Қуат алдым! Сондықтан да барлық жұмсалған шығыным – уақыт және қаражат жағынан - өзің ақтаған болғаны. Қайтып келгеннен кейін көптеген дүниелерді басқаша бағалайтын боласың. Бір литр суға 4 доллар ақша берген кезіңде, барлығына басқа көзбен қарайсың.

– Өз әріптестеріңізге, жалпы бизнеске басқаша қарайтын болдыңыз ба?

– Солай сияқты. Қазір, шыңға көтерілуден кейін мен жоспарлаудың маңыздылыын түсіне бастадым. Тауда белгілі уақытта тұрып, әрекет ету және кестені қатаң орындауың керек, себебі бұған шыңға көтерілудің табысы ғана емес, сенің өмірің мен денсаулығың да байланысты болады. Не нәрсені қадамдап жоспарлау керек екендігіне көзім жетті: кішкентай мақсаттар бар, оларсыз басты міндетіңді орындау мүмкін емес. Мен бизнесте аралық мақсаттарды үйлестірудің орнына, оларды бөлу керек, барлығын бірден істеуге тырысудың қажеті жоқ.

Біртіндеп, бірақ кепілді түрде дейсіз ғой?

– Иә. Және, кішкентай мақсаттардан басқа, бір басты мақсат болуы тиіс. Ол әрдайым жанында жүрген сияқты, бірақ, шын мәнінде оған қол жеткізу әлі алыстау болады.

Эверест сияқты ма?

– Дәл солай. Эверест сияқты.

Мәтіні: Анна Лазниктікі

Александрмен қызықты саяхаттауда 8 Element Sport бірге болды

mountains-3

Александрмен қызықты саяхаттауда 8 Element Sport бірге болды.