cool-to-schoolЖаңа оқу жылына арналған  киімдер  сатылымға түсті – заманауи және сәнді, тіпті беделді колледж студентінің немесе агенттерді дайындайтын арнайы құпия мектептің оқушысының киіміне ұқсайды. Бұл киімде әр оқушы мақсатына жете білетін қаһарманға  ұқсап кетеді.  

Бұл топтаманы дайындауда дизайнерлерді не шабыттандырды және не себепті горальдиканы пайдаланды? мектеп формасы қандай болу керек және қандай болмау керек? бұл сұрақтарды біз Faberlic-тің fashion-директор Андрей Бурматиковқа қойған едік.



Burmatikov-im– Андрей, бала күніңізде өзіңіз мектеп фоормасын кидіңіз бе? 

– әрине, әлі күнге дейін бостон деп аталатын жартылай жүннен тоқылған матадан тігілген киімесімде. Ол өте берік еді, елдің бәрі қою көк түсті киімді киюші еді. Ол жөнінде бар айтарым осы ғана. 

- Яғни форма сізге ұнамайтын ба? Басқа киімге ауыстыруға тырыстыңыз ба? 

- Мүлдем ұнамайтын деп айтар алмаймын. белгілі бір уақытқа дейін мен де бүкіл ел киген киімді киіп жүрдім. Алайда жоғарғы сыныпта сәнді киінгім келетін. Анам үнемшіл еді, көбіне киімдерді өзі тігетін. «Сәнді киінгің келсе - үйретейін», - деді бір күні анам.  Содан  бері мен де киім тігемін. 

School-for-cool-1

– Ал егер сол кезде қою көк түсті форманы өзгертуге мүмкіндігіңіз болса, қалай өзгертетін едіңіз? 

– Мектепте жүрген кезімізде көне заманның балалары секілді едік. Мәселен, ұл балалар блузон киетін. Әскерилер мен миллиционерлер де оны киетін. Костюмның матасынан тігілетін еді, оны жейденің сыртынан пенжек секілді киетінбіз. Бұның бәрі арнайы форманы қиын етіп көрсететін. Ол кезде біз эстетика жөнінен көшбасшы емес ек, дегенмен бәрі алда деп ойлаймын. 

Айырмашылықты мен Израильге келгенде түсіндім. Әскери адамдардың арасында қыздарды байқап қалдым. Жынысына қарамастан, киімінен-ақ олардың күшін байқағандай болдым. ресейдегі форма да әлі күнге дейін сондай әсер бермейді. Мектеп формасы да аморфты және сәнді емес. 

Faberlic-те біз салттан аттамай, алайда болашаққа деген көзқарасты ұстана отырып, басқа үлгісін жасап шығардық. Жарнамалық роликтер де дизайнға сәйкес энергияға толы, футуристік бағытта шықты. Киген киім адамға мақтаныш сезімін  ұялату керек. Ал мақтаныш сезімін бала кезден дамытқан жөн, бұл өз өзіне деген сенімсіздіксіз мүмкін емес. Егер «сенің қолыңнан келеді, сен қалағаныңа қол жеткізе аласың, сен батылсың» деген сияқты тіркестермен  мүмкін.  Сабақ оқу спорт секілді, үнемі басқалармен және өзіңмен жарысып отырасың, көшбасшы болуға ұмтыласың. 

Faberlic School – школа супергероев!

– Сіздің ойыңызша қайсысы дұрыс: дресс-код па әлде форма ма? 

- Мектеп үшін форманың болғаны дұрыс, әйткенмен, тек бір команда мүшелері ғана бірдей киінуі қажет. Мен бүтіндей бір мемлекеттің бір үлгідегі киіммен жүргеніне қарсымын. Мен әр мектептің, сыныптың өз алдына ерекшеленуін қалаймын. Бұл бәсекелестік қабілетін арттырады. 

- Faberlic топтамасын дайындау барысында неге сүйендіңіз?  Сіз не шабыттандырды? 

- Біріншіден, геральдикалық эстетика, оның элементтерін біз орыс халқының мәдениетінен де алдық: түстерден, зерден, сәндік элементтерден. Бұның барлығы бірігіп баланың көңілін көтереді, мақсатына жетуге ынталандырады. Сондай-ақ біз жастар сән үлгісін дайындау барысында street style-ға («көше стилі») жүгіндік, жолдорбалар мен аксессуарларға назар аударсаңыз swag стилін байқайсыз. 

Топатамада мінезді дүниелер де бар: жеңі эко былғарыдан тігілген өте сәнді бомбер, табаны жанатын кроссовкалар. Форма балалардың қимылына кедергі келтірмеуі қажет, өзідерін қаһарман секілді жайлы сезінуі тиіс. Faberliс-тің топтамасының  мақсаты да осы.

light-cross