blonde-hairСұрақ: Неге біздің сусабындарымызда, тіс пасталары, сабын мен душқа арналған гельдеріміздің құрамында sodium laureth sulfate сияқты компонент бар? Бұл зат теріге әжептәуір агрессивті түрде әсер етеді деп естідім. 

Faberlic-тің бас технологы Александр Казанский жауап береді.

Сарапшы жауабы: Біздің өнімдерімізде, басқа компаниялардың өнімдеріндегідей, бұл зат денсаулыққа зиянсыз әрі қауіпсіз, регламенттелген, заңнамамен бекітілген мөлшерде кездеседі. Біз өндіріс пен өнімді сертификаттаудың қатал стандарттарын ұстанамыз.

SLES – уақыт сынағынан өткен ингредиент. Бірнеше ондаған жыл бойы жер шарының 90% тұрғыны күн сайын құрамында SLES бар косметикалық өнімдерді пайдаланады. Бұдан бөлек, барлық әлемдік брендтер бұл ингредиентті өнімдеріінң құрамына қосады. SLES Annex II ( Роттердам конвенциясына қосымша) тыйым салынған өнімдер тізімінде жоқ, яғни қауіпсіз.

КЕЗ КЕЛГЕН беттік белсенді зат сияқты (ББЗ, яғни «жуғыш қасиеттерге» ие зат), натрий лаурет сульфаты теріде таза күйінде ұзақ уақыт бойы тұрса, жасуша мембраналарын ерітіп жібереді. Сол себепті оны көбіктер, сусабындар т.б. сумен шайылатын өнімдердің құрамына қосады. Бұл өнімдерде  натрий лаурет сульфаты тері қабатына қауіпсіз болып келетін әрі жақсы тазалаушы әсер беретін аздаған концентрацияда кездеседі. 

Бұдан бөлек, өнім құрамына SLES әрекетін теңгеретін және формуланы жұмсақ қылатын ингредиенттер қосылады. Сол себепті, таза натрий лаурет сульфаты ерітіндісінің тітіркендіргіш әсеріне бағдарланудың қажеті жоқ, себебі ондай ерітінділер косметикада ешқашан пайдаланылмайды. Дайын композиция барлық ББЗ мен көмекші компоненттермен қоса қарастырылуы керек. Ал сауатты түрде құрылған рецептура әрқашан қауіпсіздік талаптарына сай болып, терімізге жағады. 

Құрамында зиянды  заттары бар немесе рұқсат етілген нормадан асатын мөлшерде зиянды заттары бар өнімдер сертификаттаудан (мемлекеттік тіркеуден) өтпейді және Ресейде де, басқа кез келген елде де сатуға жіберілмейді. Құрамында осы зат бар сусабындарға балама таңдау бар: халық арасында кең таралған өнімдер – күл, жұмыртқа сарысы және т.б. ББЗ жоқ өнім – ол су. Теріні тек сумен тазалау мүмкін емес. Барлық Faberlic сусабындарында Ph деңгейі = 6.