powder-sl-fbБір кездері опаның барлығы да үгілмелі болатын – себебі оны ыңғайлы қалта форматында шығаруды білмейтін. Енді ұнтақ түріндегі опаны көп кездестірмейсіз, алайда кәсіби визажисттер опаның дәл осы түрін таңдайды. Оның себебі мынада.

Үгілмелі опа тығыз опаға қарағанда тегісірек жағылады, оны көрінбейтін дерлік жұқа да тегіс қабатпен жағу оңайырақ.  Ол макияжды жақсы бекітіп, майлы да аралас теріні сенімді түрде күліңгірлейді.

Опа жаққыштан бөлек үлкен жаққышты міндетті түрде пайдаланыңыз – ол артық опаны оңай кетіріп, макияждың табиғи болуы үшін ақырғы штрихтерді қояды.

Ұнтақ форматындағы опа – маңызды кездесуіңіз болғанда, сапалы макияжға уақытыңыз бар болса, мінсіз таңдау болып келеді.