kislorod-im-2Сұрақ: Менің бір клиентімнің пайымдауынша, кремнің бірде-бір молекуласы тіректі жарғақтың астына енбейді. Демек, біздің белсенді заттарымыз ДНҚ молекулаларына, коллаген талшықтарының қалпына келуіне немесе терідегі жасушалардың көбею сапасы мен жылдамдығына әсер етеді деп айтуға құқығымыз жоқ.  

Біздің заттарымыз терең қабаттарға қалай енетіні туралы айтып беріңізші және егер кремнің молекулалары шынымен де үлкен болса, онда Novaftem-O2 капиллярларға қалай еніп, теріні ішінен оттегімен қалайша қанықтырады?

Сарапшының жауабы: Әрине, егер бәрі теріге енетін болса, онда ол өзінің негізгі функциясы – қорғаныстық қызметін атқармас еді. Бірақ тері жасушаларының белсенді заттардың әсеріне әрекет етіп, оларды тіректі жарғаққа дейін және одан тереңірек жеткізетін әртүрлі әдістер мен механизмдер бар. Солардың бірнешеуін келтірейін:

1. Теріге мөлшері 150.000 дальтоннан аз молекулалар ене алады. Сондықтан осындай молекулалық массасы бар пептидтер мен басқа белсенді заттар жасушаларға айтарлықтай оңай енеді. 

2. Микроэмульсия да эпидермальды липидтердің тосқауылынан өтіп, эпидермиске терең енеді.

3. Трансэпидермалды тасымалдаудың (пайдалы заттарды жеткізу) арнайы жүйелері бар – липосомалар мен микропатчтар. Липосомалар – бұл пайдалы заттар «түзілетін» жабық микро-көпіршіктер. Олар эпидермальды липидтердің жасушааралық қабатынан өтіп, ферменттердің әсерінен ашылады және сол кезде белсенді заттар жұмыс істей бастайды.

Микропатчтар – бұл олардың арасында белсенді заттар орналасқан балдырлардың өте жұқа қабаттары. Ферменттердің әсерінен олар біртіндеп ериді және белсенді заттардың диффузиясын (енуін) қамтамасыз етеді.

4. Диффузия әдісі – Aquaftem теріге тигенде теріде еріген оттегіні босатады, ол терінің терең қабатына енеді. Бұл терінің тыныс алу функциясы! Әдетте, ауадан оттегі (ағзаға келіп түсетін оттегінің жалпы мөлшерінің 3-5%-ы) теріге осылайша енеді. 

5. Жасушааралық байланысқа әсер ету. Кейде заттың енуіне қажет жоқ, терінің рецепторларына әсер ету және ақуыздардың – сиртуиндер мен терінің күйі туралы ақпаратқа жауап беретін басқа медиаторлардың шығарылу процесін ынталандыру жеткілікті. Бұл теріге арналған «сымсыз телеграф» сияқты. Ал одан әрі синтезге және т.б. жауап беретін әртүрлі биохимиялық реакциялар қосыла бастайды. Мысалы, біздің қартаюға қарсы 40+ және  50+ серияларымыздағы Survicode липопептиді осылай жұмыс істейді. 

6. Заманауи биотехнологиялар құлыптың кілті сияқты жасуша мембраналарының арнайы рецепторларына сәйкес келетін пептидтерді синтездеуге мүмкіндік береді. Пептид терінің терең қабаттарына енуі үшін, әдетте, оны липопептидке айналдырады. Майда еритінге айнала отырып, ол эпидермальды липидтердің қабатынан өтіп, синтез процесін қоса алғанда, жасуша мембраналарының рецепторларымен (мысалы, коллаген) байланысады. 

7. Микроциркуляцияны белсенді етеміз. Бұл үшін көптеген тәсіл бар. Мысалы, терінің терморецепторларына әсер ету жеткілікті. Бірақ бұл әдіс целлюлитке қарсы агенттерге ғана жарамды. 

Ал біз ағзамыздағы қан айналымын реттейтін арнайы медиатордың шығарылуын белсендіретін заттарды қолданамыз. Бұл азот оксиді (NO). Тілдің астына қойылған нитроглицерин таблеткасы коронарлық тамырларды кеңейту процесін белсендіретіні сізді таң қалдыра ма? Немесе «Виагра» таблеткасы қандай да бір себептермен жыныс мүшелерінің тамырларын кеңейтетіндігі? Бұл организмнің белгілі бір бөліктерінде азот оксидінің шығарылуы ынталандырылғандықтан орын алады. Және жүрекке нитроглицеринді қолдану қажет болмайды. Тіл астындағы таблетканың болуы жеткілікті.

Біздің косметикалық құралдарымызда жапон балдырынан алынған зат – DST-H бар. Ол арнайы ферменттерге әсер етеді, терідегі азот оксидінің шығарылуын тудырады, жергілікті микроциркуляцияны ынталандырады. Осылайша, нәрлі заттардың жетуі жақсарады, детоксикация процесі белсендіріледі. 

Түйіндеме ретінде: біз терінің биохимиясы мен физиологиясын жақсы білеміз, әлемнің көптеген зертханаларымен, соның ішінде фармацевтикалық зертханалармен бірге жұмыс істейміз. Біз, олардың зерттеулері айқын көрінетін әлемдегі ең жақсы университеттермен жұмыс жасаймыз: егер дұрыс тұжырымдалған міндет болса, оны биотехнологияның көмегімен шешуге болады. Өзіміз жариялағанымыздың бәрі ғылыми зерттеулермен және клиникалық сынақтармен расталған.