face-beauty-1Сұрақ: Косметикадағы гормондар туралы сұрақ қойғым келеді. Олар Faberlic-тің қандай өнімдерінің құрамында бар? Ол терінің күйіне қалай әсер етеді? Гормондар фитогормондардан қалай ерекшеленеді?

Сарапшының жауабы: Faberlic маркасының бірде бір құралының құрамына гормондар кірмейді. Оларды заң бойынша косметикада пайдалануға тыйым салынған. Бірақ біздің кейбір өнімдеріміздің құрамында фитогормондар бар.

Қандай айырмашылықтары бар? Фитогормондар – бұл өсімдіктен алынған өнімдер. Оны соядан, жоңышқадан, қызыл жоңышқадан алады – олардың құрамы химиялық формула бойынша эстрогендерге ұқсас, бірақ гормоналдық белсенді болып келмейді. Фитогормондар теріге жергілікті ғана әрекет етеді. Оның қарсы көрсетілімдері жоқ және адамдарға мүлдем қауіпсіз.