abc-pilingАйтыңызшы, энзимдік микропилингті қанша жастан бастап қолдануға болады? Оны қолданған кезде нені білу керек?

Тропикалық жемістерден және диатомдық балдырлардан алынған құрамында энзимдері бар микродермабразия және энзимдік микропилинг – бұл теріні жаңарту бағдарламасындағы екінші қадам, дегенмен көп адам құралды скрабтың орнына пайдаланады (бұл да мүмкін, өйткені ол механикалық тегістеу мен энзимді пиллингтің әсерін біріктіреді).

Тұрақты пайдалану арқылы қандай нәтижеге қол жеткізуге болады? Құрал терінің бетін тегістейді, өлі жасушаларды қабыршықтайды, бет реңгін жандандырады, ұсақ тесіктерді тереңнен тазартады, тері жасушаларының регенерациясы мен жаңаруын жеделдетеді, химиялық пилингтен кейін терінің қабыршықтануын жояды.

Қалай қолдану керек: жақсы тазартылған бет, мойын және декольтенің ылғал терісіне жағыңыз. Саусақтарыңыздың ұшымен 1-2 минут уқалаңыз, содан кейін жылы сумен шайыңыз және сезімтал теріге арналған SOS терапиясы мен қалпына келтіру кремін жағыңыз. Көз айналасына және ерін терісіне жақпаңыз. Барынша тиімді болуы үшін АНА қышқылдары бар Химиялық пиллинг жасағаннан кейін қолдану ұсынылады (1-қадам). 

Жасы 20+: процедураны аптасына 1-2 реттен жиі жасамаңыз.
Жасы 30+: аптасына 1-2 рет тұрақты тері күтімі.
Жасы 40+: алғашқы 5 процедура – күн сайын, содан кейінгі процедура – күн ара. Курсы – 5-10 процедура.

piling_genshinaСұрақ: Faberlic құралдарының көмегімен безеудің іздерін жоюға бола ма?

Жауабы: Иә, болады. Сізге Expert сериясының AHA қышқылдары бар кешенді бағдарлама көмектеседі.

1-қадам. Құрамында АНА қышқылдары бар химиялық пиллинг жасау (арт. 1068).

Гельді бүкіл бет терісіне саусақтарыңыздың ұшымен массаж сызықтары бойымен жағыңыз, теріні сәл уқалаңыз. Гельді көз айналасына және шырышты қабықтарға тигізбеңіз, гельді ерінге қолданбаңыз. 5-10 минуттан кейін гельді жылы сумен губкамен жуып, теріні шүберекпен немесе сүлгімен сүртіңіз.
Әсер ету уақыты: 5-10 минут.

Жұқа және сезімтал теріге әсер ету уақытын  1 минуттан бастай отырып, әр процедура сайын біртіндеп 10 минутқа дейін арттыру керек. Егер ыңғайсыздық тудырмаса және тері жақсы бейімделсе, экспозиция уақытын бірден 10 минутқа дейін ұзартуға болады.

Назар аударыңыз!

  • Препаратты қолданған кезде теріні аздап дызылдатуы, қызартуы және ашытуы мүмкін. Айқын реакция болған жағдайда препаратты дереу салқын сумен шаю қажет.
  • Көзге немесе мұрынның шырышты қабығына тиген жағдайда дереу салқын сумен шайыңыз.
  • 2-5 процедурадан кейін терінің қабыршақтануы пайда болуы мүмкін – бұл оның химиялық пиллингке қалыпты реакциясы – осылайша тері ескі қажетсіз жасушалардан босатылады. Бұл жағдайда процедураны тоқтату қажет емес.

2-қадам. Тері бетінің тегістелуі және қабыршақтануы – микродермабразия және энзимдік микропилинг (арт. 1023 немесе 1069).

Микропилингті жақсы тазартылған дымқыл бет пен мойын терісіне аз мөлшерде жағыңыз. Саусақтарыңыздың ұшымен бет аумағындағы аймақты (иектен самайға қарай) және маңдай аймағын (ортасынан самайға қарай) жеңіл айналмалы қозғалыстармен уқалаңыз. Күшті ысқылау қозғалыстарымен мұрынды, мұрын желбезектерін және иек аймағын өңдеп емдеңіз. Өнімді жылы сумен жақсылап шайыңыз да, теріңізді майлықпен немесе сүлгімен сүртіңіз.

Әсер ету уақыты: әр аймақта 1-ден 2 минутқа дейін (терінің күйіне және оның сезімталдығына байланысты).

Назар аударыңыз!

  • Егер өнім көзге немесе мұрынның шырышты қабығына түссе, дереу салқын сумен шайыңыз.
  • Микродермабразияны белгіленген аймақтардың әрқайсысында 2 минуттан артық жасамаңыз.

3-қадам. Химиялық пиллинг пен микродермабразиядан кейін терінің тепе-теңдігін қалпына келтіру. Теріні қорғау. Сезімтал теріге арналған SOS-терапия және қалпына келтіру (арт. 1022 немесе 1070).

Кремді массаж сызықтары бойымен жағыңыз және жеңіл қимылмен оны бет терісінің бүкіл бетіне жайыңыз.

Сұрақ:
ABC-пиллингті жазда қолдануға бола ма? Пигменттік дақтар пайда болмайды ма?

Сарапшының жауабы: Пиллинг жасау үшін ең қолайлы уақыт – күз және көктем. Жазда АВС-пиллингін жасау ұсынылмайды. Құралдар терінің жоғарғы қабатын қабыршақтандырады және пилингтен кейін бастапқыда тері қорғалмайды, сондықтан жазғы күннің астында болу пигменттенуді туындатуы мүмкін. Егер жазда пиллинг жасау қажет болса, процедурадан кейін кем дегенде бір апта бойы құрамында жоғары SPF бар күннен қорғайтын кремді қолданып,  бетіңізді тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғау керек.

Сұрақ: Бетте тамырлы тор болған кезде химиялық пиллинг + микродермабразияны қолдануға бола ма?

Сарапшының жауабы: Купероз кезінде химиялық пиллинг бағдарламасын қолдануға болады. Ұсыныстар: аптасына 1-2 рет, 5 минуттан 10 процедура. Процедурадан кейін міндетті түрде «Оттегі мезотерапиясының» жандандыратын курсын (арт. 1029) жағыңыз, бұл құралда С дәруменінің жоғары концентрациясы бар, ол қан тамырларының қабырғаларын нығайтуға көмектеседі. 

Егер сіз шуақты күндерде сыртқа шықсаңыз, құрамында SPF 30 немесе 35 бар күннен қорғайтын кремді қолдануды ұсынамыз.