young-skin-imСұрақ: Менің жасым 18-де, Expert сериясын (құрамында АНА қышқылы бар химиялық пилинг пен терідегі ұсақ тесіктердің көлемін кішірейтуге арналған кремді) пайдалануыма бола ма? Және бұл жаста оны қалай пайдалануға болады?

Сарапшының жауабы: Егер ұсақ тесіктер расымен кеңейіп, бұл сізді уайымға салса, осы тесіктердің көлемін кішірейтуге арналған кремді кез келген жаста пайдалануға болады. Бұл кремді әдеттегі құрал сияқты, теріні әбден тазартқаннан кейін пайдалану керек. Кремді таңертен және кешке жағу керек.



Құрамында АНА қышқылы бар химиялық пилинг бағдарламасы (арт. 1031+1023) туралы айтатын болсақ, ол құралдарды кешенді пайдаланғанда және пайдаланудың қажетті жиілігінде тиімді нәтиже береді.

Сізге құралды аптасына 1 рет немесе егер бет реңін лезде жақсарту қажет болғанда, пайдалануға кеңес беріледі. Ұстау уақыты — терінің сезімталдығына қарай 5 минуттан бастап 10 минутқа дейін. Құралды кешкі уақытта пайдаланған дұрыс. Есіңізде болсын, пилингтен кейін теріні құрамында SPF 30 бар күннен қорғаушы құралмен қорғап, бетке тікелей күн сәулесінің түсуін болдырмаңыз.