vesnushki-imСұрақ: Faberlic-тің ассортиментінде секпілді ағартуға арналған крем бар ма?

Сарапшының жауабы: Біздің ассортиментімізде секпілден арылуға көмектесетін арнайы құрал жоқ. Бірақ, құрамында Rala молекуласы бар барлық құралдың жеңіл ағартушы нәтиже беретіні құпия емес, себебі ол қан айналымын, теріні нәрлендіруді жақсартады және бет реңін жақсартады. Әрине, пигментацияға қарсы ең жақсы шара — бұл күннен қорғайтын құралдарды пайдалана отырып, күннен қорғану, бірақ оған қарамастан секпіл пайда болса, Expert сериясының химиялық пилинг процедурасын бастауға кеңес береміз.

Алғашқы 5 процедура — күн сайын, содан кейін бір күннен кейін тағы 5 процедура. Бұдан кейін бір ай аптасына 2 рет пилинг жасаңыз. Тері қабыршақтана бастаса — қорықпаңыз, солай болуы тиіс. Күн сайынғы күндізгі күтім ретінде құрамында SPF 8 бар Expert «SOS терапия және қалпына келтіру» кремін жағыңыз. Одан басқа, теріге күннен қорғайтын құралдар жағыңыз.

Жаз күніндегі белсенді күн бетте, қолда, бүкіл денеде пигментацияның пайда болуының себебіне айналуы мүмкін. Faberlic ұсынған күннен қорғайтын серияда әр тері түріне бейімделген өнімдері күннен ең жақсы түрде қорғайды. Бұл кремдерді тері түріне қарай Өзіңіздің негізгі күтім жасайтын кремнің үстіне жағыңыз, сондай-ақ ашық күнге шығар алдында өзіндік құрал ретінде де жақсаңыз болады.