kraska-okrashivanie-2Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Өзім үшін «Суперблонд» сатып алдым. Шашым қаптамадағыдай сұрғылт. Сары шашты болғым келеді! Алайда интернетте осы реңк туралы пікірлерді оқып болған соң, көңілім қалды. Шаш балапанның шашындай сарыға айналады деп жазыпты.

Сарылық болмауы үшін иыққа дейінгі қалың шашқа арналған ағартқыштың қандай көлемі керек, айтып жіберіңізші. Сондай-ақ шашқа арналған бояуды қашан қайтадан пайдалануға болады?

Сарапшы жауабы: Ақшылдандырылған шаштың сары реңкі бірнеше себеппен пайда болуы мүмкін.

1. Шаштағы ағартушы құрамның экспозициясының жеткіліксіздігі. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта орташа уақыт көрсетіледі, себебі әркімнің шашы әртүрлі. Егер де ағартушы құрал алғаш рет пайдаланылып жатса, процедураны бояу сіздің шашыңызға жағылған күйі шашыңыздың жай-күйін тексеретін тәжірибелі көмекшінің бақылауымен жасау керек. Кей жағдайда шаштың құрылымына байланысты ағартушы сұйықтықтың әсер ету уақытын арттыру қажет. 

2. Бөлмедегі температураның төмендігі (қысқы уақыт, азынақ).

3. Шаш ертеректе болса да орташа немесе қою түске боялған. Бұл жағдайда шашты ақшылдандыру 2 кезеңмен жүреді. 

Ұзындығы иыққа дейін жүретін қою шашқа ең аз дегенде «Суперблонд»-тың үш қаптамасы қажет. Сонымен қатар ұнтақ пен айқындаушы сүтті араластыруды бірнеше кезеңмен өткізуді сұраймыз, өйткені шаш ұзын және бұны шашқа жағу уақыты біраз уақытты талап етеді. Жаныңызда тәжірибелі көмекші болса артық етпейді. 

Егер шаш алдында боялған болса, ақшылдандырушы құрамды алдымен боялған бөлікке, кейін бояу тимеген шаш тамырларына жағу керек. Шат ақшылдандырылған соң бояуды, егер ол қышқылдандырушы болса, 3-4 күннен кейін пайдалануға ұсыныс береміз. Егер де құрал реңкті әсер беруші құрал болса (бальзамдар, сусабындар), шаш ақшылдандырылған соң оны бірден бояуға болады.