materinstvo 2Сұрақ: Химия пәнінің мұғалімінен шаш бояуын қолдану болашақ балалардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін екенін естідім, себебі үнемі бояған кезде бояудың пигменттері ағзаға енеді. Бұл Faberlic бояуларына қатысты ма және жүктілік пен бала емізген кезде шашты бояуға бола ма?

Сарапшы жауабы: Алаңдауға еш негіз  жоқ. Біздің бояуларымызды жүктілік кезінде де, емізген кезде де қолдануға болады. Біріншіден, олар Еуропалық Одақта рұқсат етілген және жетекші химиялық мамандар мақұлдаған рецепттер бойынша стандартты шикізаттан жасалған. Сонымен қатар, бояулардың барлық шикізаттары мен бастапқы компоненттерін біз шетелден сатып аламыз. Оның сапасы нарықтың ең жоғары өлшемдеріне сәйкес келеді.

Екіншіден, жүктілік кезінде шаш бояуларын пайдалану, қаладағы күнделікті өмірден — қоғамдық көлікті пайдалану, супермаркеттерден алынған өнімдерді пайдалану және т.б. гөрі қауіпті емес. Алайда, егер Сізде күмән болса, біз Сізге жүктілігіңізді жүргізіп отырған гинекологпен кеңесуді ұсынамыз. 

Қалай болғанда да, әрқайсымыз өркениет жетістіктерінің біздің өмірімізге араласуының рұқсат етілген дәрежесін таңдайтынымызды ұмытпаңыз. Өзіңізді өнімге ықтимал жеке реакциядан толығымен қорғау үшін, бояу қаптамасына қоса берілген нұсқауларға сәйкес тері сынағын жасау керек.