Сұрақ: Faberlic-тің берік крем-бояуының қаптамасындағы сандар не үшін қажет және олар қалай «оқылады»?hair-image-6

Сарапшы жауабы: Сандар бояу түсін нақты анықтап, оның дәл қандай реңктерден тұратындығын анықтау үшін қажет. Мысал ретінде сандық коды 8.34 болып табылатын «ашық сары-сұрғылт» реңкті (арт. 8823) алайық. Нүктенің сол жағында орналасқан алғашқы сан ашықтық деңгейін білдіреді: бұл санның мәні неғұрлым жоғары болған сайын (1 мен 10 арасындағы шкала бойынша), ол бояу соғұрлым ашық болып келеді.



«Ашық сары-сұрғылт» жағдайында ашықтық деңгейі  — «сегіз», яғни бояу әжептәуір ашық. Ол тұнық реңктен бастап ашық-сұрғылт реңкке дейінгі барлық шаш реңкіне келеді.

Бояу түстерін шашыңыздың реңкіне дұрыс сәйкестендіріп таңдап, суреттегідей нәтижеге барынша жақын нәтижеге қол жеткізу үшін әр Faberlic каталогында кездесетін арнайы кестені пайдалануға болады. 

Сонымен, кодтың басқа сандарын «оқып» үйрену үшін қарапайым заңдылықты есте ұстау жеткілікті. «Нөл» санына шашыңыздың табиғи түсі сәйкес келсе, «бір» — күл түсті, «екі» — қара, «үш» — жирен, «төрт» — қоңыр, «бес» — қызыл, «алты» — күлгін.

Енді осы білімді тәжірибе жүзінде пайдаланамыз. Нүктеден кейінгі алғашқы сан – бояу құрамында басым болып келетін түс реңкі. «Ашық сары-сұрғылт» дегеніміз «үш» — яғни бояудың негізгі реңкі – жирен. Келесі сан – қосымша түс беретін реңк, ол негізгі реңкті байытып, оны түрлендіріп, оған көлем береді. «Төрт» санына қоңыр реңк сәйкес келеді, дәл осы реңк «ашық сары –сұрғылт» түске боялған шашқа табиғилық, түс тереңдігі мен табиғи жалтырау береді. 
Сондай-ақ нұсқаулықты «Шеберлік сыныбы» / «Күтім жасау бағдарламасы» бөлімінде қарауға болады. 

Сұрақ: Бояудың жарамдылық мерзімін қалай анықтауға болады және құтыдағы сандар нені білдіреді?

Сарапшы жауабы: Krasa шашқа арналған бояуының жарамдылығы жиынтыққа кіретін крем-бояуы бар құтыға жазылған ақпарат негізінде анықталады. Құтының артқы жағында басып шығарылған алғашқы жол бояу реңкінің нөмірін білдіреді.

Мысалы, «11.01» –  «Скандинавиялық аққұба» реңкі. Екінші жол – «(айы, жылы) дейін жарамды». Мысалы, «01.15» дегеніміз жарамдылық мерзімінің 2015 жылдың қаңтары екендігін білдіреді. Faberlic шашқа арналған бояу құтысындағы сандар да дәл осылай оқылады. Құтының артқы жағында басылған алғашқы жол бояу реңкінің нөмірін білдіреді. Мысалы, «3.54» – Піскен шие реңкі. Екінші жол – « Дайындалған күні (айы, жылы)», мысалы, «12.11»  дегеніміз бояу 2011 жылдың желтоқсанында жасап шығарылған дегенді білдіреді. Жарамдылық мерзімі – жасап шығарылған күннен бастап 18 ай. Крем-бояудың тігісінде өндірушіге қажетті ақпарат көрсетіледі.