SmokeyБірнеше реңкті бірден жақсылап қарайтумен жүретін түтін тәрізді мейк қиын әрі бейнетті көрінгенімен, оны бірнеше сабақ ішінде меңгеруге болады!

1. Қандай түстер үйлесімділігін таңдасаң да, ең қою реңкті қозғалатын қабаққа жақ – оны кірпіктердің өсу сызығы бойында қас сүрмесімен немесе қарындашпен араластыратын боласың.

2. Шатасып қалмау үшін небәрі үш реңкті пайдалан: көзден неғұрлым алыс болса, соғұрлым ашық! Ішкі бұрыштарға ғана бұл ереже жүрмейді. Ол жерлерге солғын жарқыраған далап немесе хайлайтер тамшылары қажет.



3. Саған екі жаққыш қажет болады: далапты жағуға арналған көлбеу жаққыш пен қарайтуға арналған жазық та жартылай дөңгелек жаққыш. Реңктерді жаққышпен араластыру спонж немесе аппликатормен салыстырғанда әлдеқайда ыңғайлы!

4. Смоки түсін киіммен үйлестір. Түстерді дәлме-дәл қайталаудың қажеті жоқ, алайда бірыңғай гамманың сақталғаны дұрыс, әсіресе макияж үшін алқызыл немесе ашық көк реңктерді таңдайтын болсаң.

5. Жылтырақтан қорықпа – ол макияждың кей кемші тұстарын жасыру керек болған кезде көмекке келеді. Бір түстен екінші түске өтудің сәтсіз болғанын жасыру үшін далап үстіне шиммер не глиттер қос.