Lak-Gel«Гель жабыны» тырнаққа арналған лак берікті 7 күнге дейін жететін тамаша жылтырға ие болып келеді және ол лакты кетіруге арналған әдеттегі құралдың көмегімен алынады. Жаңа өнім туралы сұрақтарға Faberlic компаниясының «Декоративтік косметика» бағытындағы өнімдер жөніндегі менеджері жауап береді.

«Гель жабыны» лагінің формуласы революциялық деп көрсетілген. Оның революциялығы неде?

Формуланың жаңалығы мен ерекшелігі – тырнаққа көлем беретін шайырлар кешені, ал жабынға – гель-маникюрдағыдай, созылмалылық береді. Бұл ретте «Гель жабыны» лагі – бұл гель емес. 

Оны кептіру үшін лампа қажет емес: формуласында басқа фотоинициатор бар, бұл жабынның табиғи жарықтандыру кезінде жылдам қатаюына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, түпнұсқалы құрамының арқасында лак маникюрге жылтыр финиш береді.

«Гель жабынының» беріктігі қолымды жиі жуғаныма немесе тұрмыстық химияны пайдалануыма тәуелді ме?

Тесті нәтижелері бойынша, «Гель жабыны» лагы тырнақта 7 күнге дейін сақталады.

Іс жүзінде жабынның беріктігі бірнеше жағдайға байланысты. Біріншісі – тырнақ пластинасының күйі. Сау тырнақта лак ұзақ тұрады, құрғақ немесе қабыршықтанатын тырнақта тез жарылып кетеді. Екіншісі – түсті жабынды жағу алдында классикалық маникюр процедурасынан кейін тырнақ жақсы кебуі тиіс. Үшіншісі – лакты жағу алдында тырнақты майсыздандуры керек. Бұл лак пен тырнақтың берік жабысуын қамтамасыз етеді.

Шеллактың ұзақ уақыт ұсталып тұруы үшін маникюрден кейін қолды екі сағат бойы суламау керек деп естідім. Осы лакқа қатысты мұндай кеңестер бар ма?

Шындығына келгенде бұл дақпырт. Жабынның беріктігіне, көбінесе оның қалай жағылғаны әсер етеді. Ойдағыдай нәтиже алудың кілті – бұл тырнақты дұрыс дайындау. Егер маникюр жасамағаныңызға көп уақыт болса, онда ылғалдандырылған сірқабығын апельсин таяқшасымен барынша жылжытып, птеригийді (тырнақтың негізінде өсетін жұқа тері) әбден кетіру керек. Содан кейін тырнақ пластинасын майсыздандыру қажет. Мұның бәрі лактың тырнақта анағұрлым ұзақ ұсталуына көмектеседі.

Маникюрдің ұзақ сақталуы үшін не істеу керек?

Маникюр қаншалықты сапалы болса да, егер күні бойы үй шаруасымен айналыссаңыз: химиялық жуғыш заттарын пайдалана отырып, ыдыс жусаңыз, кір жусаңыз және пәтерді жинасаңыз немесе мысалы, гүл отырғызсаңыз, саяжайда жұмыс істесеңіз, онда кешке қарай маникюрдің ізі де қалмайды. Маникюрге күтім жасау арқылы ғана оны сақтап қалуға болады. Біріншіден, барлық үй жұмысын қолғап киіп алып жасау керек. Екіншіден, тырнақ кеміру, тырнақпен қақпақ ашу, түйреуіш немесе бұрағыш ретінде пайдалану тәрізді зиянды әдеттен бас тартыңыз. Тырнақтарыңызға жиі күтім жасап, оны маймен нәрлендіріңіз, кремдермен ылғандандырыңыз.

Сериясы бір, бірақ реңктері әртүрлі лактардың түрлі ұсталынатына тап болдым. Мен жаңылысамын ба әлде пигмент расымен де лактың беріктігіне әсер ете алады ма?

Реңктері әртүрлі лактар әртүрлі ұсталып, пигментациясының шоғырлануына қарай кебу жылдамдығы әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ реңктің ұсталу ұзақтығы болмашы. Белгілі бір түстің беріктігіне келетін болсақ, бұл жерде тағы бір түсіндіру орын алуы мүмкін. Ашық немесе мөлдір реңктерді тырнаққа қалыңырақ етіп жағады, тырнақ пластинасына бірнеше рет жағады, ал тығыз эмаль түстерін бір немесе бірнеше қабатпен бояйды. «Көп қабатты бәліш» тырнақ пластинасында анағұрлым нашар ұсталып тұрады.

Лак неғұрлым ұзақ кепкен сайын, ол соғұрлым ұзақ ұсталынады. Бұл оның құрамында шайыр мен жабынды созылмалы ететін пластификаторлардың жоғары болуымен түсіндіріледі. Тез кебетін лакта ацетонды құрамдайтын компоненттер бар, ол жылдам буланып, жабынның лезде кебуіне мүмкіндік береді, бірақ бұл кезде ол тырнақ пластинасын кептіріп жібереді. Табиғи тырнақтың күйін жақсарту үшін майды пайдаланыңыз – ол тырнақты сау, ал жабынды икемді, яғни ұзақ ұсталынатын етеді.