childFaberlic сізге жұмсақ, табиғи жуғыш компоненттері пайдаланылған кір жууға арналған құралдарды ұсынады. Бұл құралдар әлемдегі ғылымның барлық соңғы беталыстарын ескере отырып әзірленген, сондықтан оны тіпті балалардың заттарын жууға да пайдалануға болады.

Алайда, жауапты өндіруші ретінде біз жаңа туған нәрестелердің заттарын жууға арналған құралдарды ерекше мұқияттылықпен таңдауға кеңес береміз (біздің өнімдерімізді немесе басқа компаниялардың құралдарын таңдайтыныңызға қарамастан).

Өнімнің қаптамасында не жазылса да, жаңа туған нәрестенің қайсыбір күтім жасау, тамақтану өніміне немесе тіпті ағын суға жеке реакциясын бірде-бір дәрігер болжай алмайтындығын ескеру керек. Кәдімгі және бейтарап өнімнің, мысалы, алма және ұнтақ ботқасының кейбір нәрестелерде аллергия тудыруы мүмкін екенін барлық ана біледі. Сондықтан, жаңа туған нәрестенің заттарына күтім жасауға арналған қандай болмасын құралды қолдануды шешсеңіз де, сізге алдымен 1-2 затты байқап жууға кеңес береміз және сіздің кішкентайыңызда кез-келген, тіпті ең қауіпсіз тазартқыш компоненттерде мүмкін болатын жеке төзімсіздіктің бар-жоғын біліп алыңыз.

Біздің компания ешуақытта өнімді қалай да болса сату мақсатын алдыға қойған емес, біз сіздің денсаулығыңызды ойлаймыз, сондықтан жауапты жарнама ғана жасаймыз. Біздің құралдарымызға көңіліңіздің толатындығына сенімдіміз, бірақ жаңа туған нәрестеңіз болса, қосымша қауіпсіздікті ұстану ешқашан артық болмайды.