rabbit-girl-friendsСұрақ: Faberlic компаниясының мәлімдеуінше, ол өз өнімдерін жануарларда сынамайды. Алайда қаптамасына қарап, мен «қоян» белгісінің тұрмыстық химияда ғана тұрғанын байқадым, ал декоративтік косметикада бұл белгі қойылмаған. 

Сарапшы жауабы: Faberlic декоративтік косметикасының зерттеулері «In vitro» сынақ зертханасында жүргізіледі, бұл біздің хаттамаларымызбен расталған.

Инвитро – бұл эксперименттер технологиясы, бұл кезде тәжірибелер тірі ағзадан тыс – «сынауықта» өткізіледі. Өнім компоненттерінің басым бөлігі Италияда, Германияда және Францияда сатып алынады, бұл жерлерде сынақтар ерікті адамдарда жүргізіледі, бұл сынақтары төленеді. Осы зерттеулерге біз әсер етпейміз, әр өндірушінің және әр мемлекеттің өзінің нормативтік құжаттары бар.