kislorod-cosmetics

1997 жылы «Русская линия» тікелей сатылыммен айналысатын  косметикалық компаниясының негізі қаланған еді. Бұл уақытта жас кәсіпкер Алексей Нечаев кеңес дәуірінің ғалымдарының зерттемелеріне – ауадан оттегіні алып қалып, оны терінің терең қабаттарына жеткізу арқылы теріні жасартатын көмірсулар перфтор эмульсиясына назар аудара бастады. Осы бірегей көмірсулар кешенін косметика саласында  пайдалану мақсатында оған патент алады, осылайша бір жылға жуық уақыттың ішінде Ресейде оттегі негізіндегі алғашқы косметика желісі пайда болған.

2001 жылы  «Русская линияның» аты Faberlic болып ауыстырылды. Енді компания алдында үлкен мақсаттар  қойды – халықаралық нарыққа шығу, «баға-сапаның» ұтымды үйлесімін жасау, осы арқылы миллиондаған тұтынушыларға жоғары сападағы косметиканы ұсынуды көздеді, сонымен қатар тікелей сату арқылы ақша табуды қалайтындар үшін негіз бола алатын тиімді бизнес-жоспар құруды қолға алды. 

2001 жылы шыққан жарнама кампаниясы бұрын соңды болмаған табыс алып келді. 5 жылға жетпей 5 миллионнан астам қыз-келіншек Faberlic-тің сапасы мен кәсіби Кеңесшілерінің арқасында оның табынушылары атанды.

2005 жылы Faberlic халықаралық компания атана бастайды, әлемнің 15 елінде өз өкілдігін ашады. WWD Beauty Report International  ұсынған ақпарат  бойынша «Әлемнің 100 ең ірі парфюмерия және косметикалық компаниялары» рейтингінде 87 орынды иеленді.

2006 жылы Faberlic «Жасыл қалалар» бірінші әлеуметтік-экологиялық жобаны бастады, оның мақсаты бүкіл елде жасыл-желек отырғызып, көгалдандыру. 2006 жылдан 2009 жылға дейін компания командалары «Қалаларға – ағаштар, адамдарға – таза ауа!» ұранымен 100 мыңнан астам ағаш отырғызды.

2007 жылы компания үшін косметология саласында серпіліс берген жыл болып саналады. Faberlic пен әлемдік деңгейдегі инновациялық косметикалық ингредиенттерді шығарушы жапондық Nikko-Chemical  зертханасымен бірігіп атқарған жұмысының арқасында көмірсу кешенінің жаңа формуласы -  «Двойное дыхание» Novaftem-O2 пайда болды.

2008 жылы Ломоносов атындағы ММУ-дың Жасушалы биология және гистология кафедрасымен бірігіп Rala (табиғи R-альфа-липа қышқылы) бірігей формуласын ашады. Аталған формула оттегі негізіндегі қартаюға қарсы әсер ететін косметика құралдарында пайдаланылды. Осы жылы компания Rala-ны косметикада пайдалану мақсатында 2 жаңа патент алды. Не бары бір жыл ішінде Faberlic-тің 60-тан аса жаңа өнімі шығарылды! Компания «Әлемнің 100 ең ірі парфюмерия және косметикалық компаниялары» рейтингінде 86 орынды иеленді (WWD Beauty Report International).

2010 жылы Faberlic-тің қолдауымен ЭКА қоғамдық ұйымы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда ұйым орман алқаптарын қайта жандандыру, адамдардың экологиялық сана-сезімін ояту және қоршаған ортаға зиян келтіретін әдеттерімен күресу бағытында үлкен акциялар мен оқытулар ұйымдастырды. Қазіргі таңда ЭКА бөлімдері Ресейдің 45-тен астам ауданында жұмыс жасайды

eka-img

2011 және  2012 жылдары бірлестік белгісімен өтті: осы уақыттан бері Edelstar, Infinum және  Sengara компаниялары Faberlic-пен бірге жұмыс істейтін болды. Әр брендтің сатып алушылармен жұмыс жасау бағытында бай тәжірибесі бар, ал зерттемелері Faberlic өнімдер желісінің және жаңа санаттардың негізіне айналатын болады. Каталог өнімдері көбейе бастады – енді үйге, сұлулыққа және денсаулыққа қажет өнімдердің барлығын бір Кеңесшіден табуға болады!

2013 жылы Faberlic балалар киімін тігу мен сатуды қолға алып сән нарығына кіре бастады. Киімдердің дизайнын Ralph Lauren, Max Mara, Kiko және басқа да атақты брендтермен жұмыс жасауда үлкен тәжірибесі бар италиялық сәнгер Джерман Тровато жасап шығарды. Faberlic төменгі бағалар саясатын ұстана отырып сән әлемінде де парфюмерия-косметикалық секторындағы стратегияны ұстанып келеді: жоғары сапаны қолжетімді ету, жоғары инновациялық технологияны қолдану және өз үлгілерін жасап шығаруды қолға алып келеді. Faberlic-тің алғашқы балалар топтамасы «тарихы бар киімдер» деп таныла бастады: киім үлгілері, түстері, суреттері мен кестелері жақсы адамадар мен орыс халқының тарихындағы оқиғалардан сыр шертетіндей. 

Air-Stream-kislorod

2015 жылы жарыққа оттегі негізіндегі жаңа дәуір өнімдері – Faberlic-тің революциялық зерттемесі «Air Stream» шыға бастады. Оның негізінде бұрын соңды косметика үшін  бірге пайдаланбаған турмерон мен куркумин бар, екі ингредиенттің пайдалы жақтарын тұтастай  сақтай отырып қолдана алды. Мамандар формулаға  фирмалық зат Novaftem O2-ні қосу арқылы оның құрамын байытып қана қоймай, сонымен қатар оны тиімді ете түсті.

Сол жылы Faberlic каталогында әйелдерге арналған алғашқы киімдер топтамасы пайда болды. Тігістің сапасы, ұтымды бағасы мен белсенді түрде оның таратылымымен айналысудың арқасында табыс көзі 50% -ға өсе бастады,  бұл жағдай маркетинг саласындағы бірегейлі жағдайға алып келді: сауданың жылдамдығы бір секундта 1 көйлек өтетін жағдайға жетті! 

Faberlic-fashion-week

2016 жылы бренд дамытудың жаңа бағыты мен жаңа стратегиясын қабылдады, соның арқасында сән әлемінде жаңа бағыттың ашылуына себепкер болды,  fast fashion («жедел сән үлгісі») тұжырымдамасы бөлшектеп сатуда жетістікке жетті, бұл тәжірибе алғаш рет каталог арқылы және желі арқылы тарайтын бизнеске қолданылды. Енді әр каталогта сатып алушыларды total look образы күтетін болады, яғни маусым трендына сай  компания менр танымал дизайнерлердің серіктестігінен туындаған ересектер мен балалар киімі, саны шектеулі хош иістер, ішкиім мен сәндік косметика ұсынылатын болады.Компания саудасының өсімі тек бірінші жарты жылда 60% құрады.

Ары қарай Faberlic  жоғары cән үлгілерін қарапайым халыққа жақын және қолжетімді ете түседі. 2016 жылдың күзі Faberlic пен ресейлік дизайнер Алена Ахмадуллинаның коллаборациясы ретінде тарихта қалды. Модельердің туындылары жылдың ең алып шарасы -  Мәскеудегі – Mercedes-Benz Fashion Week-те ерекше назарға ілікті. 

Сол жылы Faberlic сапалы бренд Florange – тікелей сатылым нарығындағы әйелдер мен ерлердің ішкиімдерін, бижутерия мен дизайнерлік аксессуарлардың тікелей сатылым нарығында көшбасшы брендімен және бірегей медициналық аппараттарын өндіруші «ДЭНАС МС» брендімен бірікті. 18 жылдың ішінде ДЭНАС-терапия әдісі Ресейдің денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы Федералдық бақылау қызметінің деңгейінде ресми түрде құрметке лайық деп танылды. Бұл әдіс бойынша 29 докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалып, 1000-нан астам мақалалар жазылды, оның ішінде 5 монография мен дәрігерлерге арналған  20-дан астам  әдістемелік нұсқаулықтар.

Компанияның алдағы 10 жылға қойған мақсаты – парфюмерия және косметикалық компаниядан өмір салтының, сән мен стильдің компаниясына айналу болып табылады. Біз жаңа нарыққа бет бұрдық,  жаңа бағытты қолға алдық – киім, ыдыс-аяқ, шұлық өнімдері, ішкиім, үйге және денсаулыққа арналған өнімдермен жұмыс істей бастадық. Бұдан әрмен Faberlic компаниясы біздің бизнесімізді тиімдірек ететін, ал өнімдер қатарын кеңейтетін жаңа компаниялармен біріге бермек.

2017 жылы Faberlic танымал стилист пен тележүргізуші Александр Роговпен бірге Faberlic by Alexandr Rogov әйелдерге арналған киімдер мен аксессуарлардың топтамасын іске қосады. Оның басты идеясы – базалық гардероб-конструкторын құрастырумен тұжырымдалады: барлық зат бір-бірімен керемет үйлеседі, ал оларды күнде және ерекше жағдайға байланысты киюге болады. Коллаборация аясында Александр Роговтің «Стиль жөніндегі гид» кітабы және digital-қосымшасы шығарылды.

Сол жылы компания кутюрье Валентин Юдашкинмен екі бірлескен топтама жасайды. Коллаборацияның квинтэссенциясы кербездік, әсемдік пен сымбаттылық. Біз «кутюрьелер ұсынғанды» қолжетімді еттік, яғни «жоғары сән» қағидаларын әр әйел үшін қолжетімді киімге ауыстырдық. Faberlic by Valentin Yudashkin топтамасына үш хошиістері кірді: екеуі әйелдерге (3003, 3004) және біреуі ерлерге (3227), олар хитке айналды.

2017 жылдың көктемнің аяғы мен жаздың басы Faberlic үшін өте маңызды болды. Біз Иваново облысында, Фурмановта жеке тігін өндірісін аштық. Енді киім-кешектер, ішкиім мен шұлық-ұйық өнімдері Ресейде тігіледі. Компания үшін өндірістің сапасын, жылдамдығын және бұйымдардың құнын бақылау жеңілдеді.

2018 жылы біздің портфолиомызда тағы екі жұлдызды коллаборация пайда болды. Актриса мен режиссёр Рената Литвиновамен бірге біз эксклюзивті хошиіс пен сәнді косметика желісін, ал актриса Юлия Высоцкаямен бірге – ас үйге арналған стильді аксессуарлар топтамасын жасаймыз.

Сол жылы Faberlic-тің оттегі негізіндегі косметикасын жақтаушыларын – эпидермистің терең қабаттарында жұмыс істеуге бағытталған Expert Skin Activator үш сатылы жасарту бағдарламасы жаулап алды. Каскадты ылғалдандыру молекулярлық салмағы әртүрлі гиалурон қышқылдарының комбинациясы арқылы қолжеткізіледі.

2019 жылы Faberlic сән саласында нағыз серпіліс берген қадам жасап, ғаламдық жағдайды жасайды: тұңғыш рет тарихта көп миллионды аудиториясы бар косметика маркасы couture өзінің жеке брендін іске қосады. Faberlic Couture ұсынған 2019/20 күз-қыс маусымының бірінші топтамасының алғашқы көрсетілімі Мәскеуде Гостиный дворда Сән аптасында басты подиумда болып өтті. Кутюрье топтамасының мақамы бойынша Faberlic Premier премиалды желісі жасалды, ол сатылымға 2019 жылдың күзінде шығарылады.