child-cosmeticsӘр жағдай дербес болады, бұл  балаңыздың жасына және оның қажеттіліктеріне тәуелді, сондықтан өкінішке орай, біз өмірдегі барлық жағдайға бір жауап бере алмаймыз. Біздің желімізде балаларға арналған және балалардың терісі мен шашын ескере отырып әзірленген көп өнімдеріміз бар, олар толығымен қауіпсіз және балалар косметикасына қойылатын барлық талаптарға сәйкес келеді.

Бұл бөлек өнім санаты, ол сертификаттаудың мүлдем өзгеше процедурасынан өтеді. Ересектерге арналған косметикаға қарағанда, балаларға арналған косметикаға біраз өзгеше параметрлер қойылады, бұл өте орынды. Балаларға арналған желіміздің құрамында гипоаллергенді хош иістендіргіштері, тағамдық бояғыштары, өте жұмсақ ББЗ ғана бар және оның текстурасы балалардың қолдануына ыңғайлы әрі қызықты.

Шаш туралы айтатын болсақ: балалардың шашы көбінесе сау болып келеді және қосымша күтімді қажет етпейді. Егер баланың шашы жұқа, ұзын немесе жиі шатасатын болса, онда «Астронавтик» 2-уі 1-де бальзам-сусабынын (арт. 2312) пайдалануға кеңес береміз. Желіде тағы бір тамаша өнім – шаштың оңай таралуына арналған спрей (арт. 2314) бар. Оны құрғақ және де ылғал шашқа пайдалануға болады. Ол балалардың шашын мүлдем «ауырлатпайды», себебі ұшпалы силикон негізінде жасалған (кепкеннен кейін ол шаштың беткейінен толығымен буланып кетеді).