Сіз сайттың басқа нұсқасында аймақты таңдағалы тұрсыз. Өткен жағдайда, сізге тауарларды себетке қайта жинау керек болады
Сұрақ: PPD дегеніміз не? Ол Faberlic-тің өзге бояуларының құрамында бар ма?
Сарапшы жауабы: 2011 жылы пара-фенилендиамин (PPD) жылдың аллергені деп аталды. Бұл берік тотықтырғыш бояғыш, оны Еуропалық тұтынушылық тауарлар жөніндегі комиссиясы өте күшті тітіркендіргіш және аллергиялық реакцияның себебі деп жіктейді. Ресейдегі тотықтырғыш бояудың көптеген танымал өндірушілері өз өнімдерінің құрамында PPD-ді пайдаланады.
Сұрақ: Шашқа арналған капсуланы Faberlic бояуымен және Krasa алдыңғы бояуымен бірге пайдалануға болады ма?
Сарапшы жауабы: Жоқ, шашқа арналған капсула Krasa жаңа крем-бояымен ғана пайдаланылады.
Сұрақ: Шашты боямастан капсуланы пайдалануға болады ма? Немесе ол осы процедура кезінде ғана пайдалануға арналған ба?
Сұрақ: Бояу бағасының осындай төмен болуын қалай түсіндіруге болады?
Сарапшы жауабы: Мен демократиялық баға деп айтар едім. Бізде керемет өнім бар. Біз әр әйелдің бояуды үнемі падалануға мүмкіндігінің болуын қалаймыз. Шаш айына 10 мм-ге өседі, ал тамырдың өсуі – бұл әйел үшін ыңғайсыздық тудырады. Біз стандартты емес тәсілді пайдаландық: салон күтімін және үйде пайдалануға арналған бояуды біріктіріп, қаптаманың жаңа форматын жасап шығардық, бұл біздің сату жүйеміз үшін өте ыңғайлы.
Сұрақ: Жаңа бояуды сатқан кезде мен барлық пакеттерді ашып, клиентке нұсқаулықта оның қызықты түсін көрсетуім керек. Сатуға арналған басқа құралдар бар ма?
Сарапшы жауабы: №14 каталогта оны қиюға болатын және клиенттермен қарым-қатынас жасаған кезде әрқашан қолдануға болатын бұрымға арналған арнайы бет жасалды. Әр бұрымға атауы, артикулы және тон нөмірі қосылады.
Сұрақ: Түс нөміріндегі сандар нені білдіреді?
Сарапшы жауабы: Бояудың реңін дұрыс таңдаған маңызды. Нүкте алдындағы сандар түстің ашықтың дәрежесін білдіреді. Сан неғұрлым жоғары болған сайын, шаш реңі соғұрлым ашық болады (1-11). Нүктеден кейінгі сандар түстер нюансын білдіреді.
0 – табиғи реңктер
1 – күл түстес нюанс
3 – алтын түстес нюанс
4 – мыс түстес нюанс
5 – қоңыр нюанс
6 – қызыл нюанс
8 – сарғыш нюанс
Сұрақ: Жаңа крем-бояудың әртүрлі реңктерін араластыруыма бола ма?
Сарапшы жауабы: Бояулар палитрасы айтарлықтай кең, бірақ егер сіздің ерекше талғамыңыз болса, сіз өз реңгіңізді жасап шығаруыңызға болады. Иә, сіз әртүрлі түсті араластырып, өз бейнеңіздің суретшісі бола аласыз! Егер сіз шашпен айналыссаңыз, онда кәсіби бояудағы қағиданы ұстаныңыз. Эксперимент жасап көріңіз!
Сұрақ: Шашты бояудың құпияларымен бөлісе аласыз ба?
Сарапшы жауабы: 1-құпия: бояуды тек өсіп кеткен шаш тамырына жағыңыз. Сұлулық салондарындағы бояулар жақсы емес, оларды шебер дұрыс қолданады. Өйткені, бірнеше рет боялған кезде шаштың құрылымы өзгереді.
Сұрақ: Айтыңызшы, Krasa шашқа арналған жаңа бояудың реңктері бұрынғы бояудың реңктерімен сәйкес келеді ме?
Сарапшы жауабы: Бояуымыздың формуласы ғана емес, оның реңктері де жаңартылды: реңктер одан да өанық әрі тереңдей түсті. Сіздің шашыңыз бұрыннан да жақсы көрінетін болады! Сіздерге арнап сәйкестік кестесін дайындадық, бұл кестеде бұрынғы бояудың қандай реңктері (шамамен алғанда) біздің жаңа өнімімізге сәйкес келетіні көрсетілген. Krasa топтамасында жаңа реңктер де пайда болды, біз реңктер палитрасын айтарлықтай кеңейттік. Кестені жүктеп алып, тексеріңіздер, байқап көріңіздер және нәтижесінен рақаттаныңыздар!
Сұрақ: Неге біздің сусабындарымызда, тіс пасталары, сабын мен душқа арналған гельдеріміздің құрамында sodium laureth sulfate сияқты компонент бар? Бұл зат теріге әжептәуір агрессивті түрде әсер етеді деп естідім.
Faberlic-тің бас технологы Александр Казанский жауап береді.
Сұрақ: Faberlic-тің шашқа арналған бояуымен шашты қаншалықты жиі бояуға болады (өйткені оның құрамында аммиак жоқ қой)? Және Krasa бояуы Faberlic боуянан несімен ерекшеленеді?
Сарапшы жауабы: Faberlic пен Krasa бояуын қажет болғанда – шаш өсіп кеткенде, әдетте 3 аптадан кейін (егер ақ шаш көп болса) немесе шаштың бастапқы түсі боялған шаштан айтарлықтай ерекшеленгенде пайдалануға болады, бірақ есіңізде болсын, бұл кезде шаштың өсіп кеткен бөлігі ғана боялады.