Сіз сайттың басқа нұсқасында аймақты таңдағалы тұрсыз. Өткен жағдайда, сізге тауарларды себетке қайта жинау керек болады
Сұрақ: Шашқа арналған бояудың (аммиаксыз) нұсқаулығында «Егер шашыңыз қынамен боялған болса, бояуды пайдаланбаңыз» деген белгі бар. Сұрақ – неліктен?
Сарапшы жауабы: «Егер шашыңыз қынамен боялған болса, бояуды пайдаланбаңыз» белгісі барлық реңктегі бояуға қатысты. Иран қынасының құрамындағы табиғи бояғыш шаштың құрылымымен өзара әрекеттесіп, шашта жиналады. Шашты бояумен бояған кезде тотықтырғыш бояғыштары шаштың құрамындағы қынаның бояғышымен реакцияға түседі. Күтпеген нәтиже шығуы мүмкін: түсі жазылғаннан басқалай шығуы мүмкін.
Сұрақ: Химия пәнінің мұғалімінен шаш бояуын қолдану болашақ балалардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін екенін естідім, себебі үнемі бояған кезде бояудың пигменттері ағзаға енеді. Бұл Faberlic бояуларына қатысты ма және жүктілік пен бала емізген кезде шашты бояуға бола ма?
Сарапшы жауабы: Алаңдауға еш негіз жоқ. Біздің бояуларымызды жүктілік кезінде де, емізген кезде де қолдануға болады.
Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Өзім үшін «Суперблонд» сатып алдым. Шашым қаптамадағыдай сұрғылт. Сары шашты болғым келеді! Алайда интернетте осы реңк туралы пікірлерді оқып болған соң, көңілім қалды. Шаш балапанның шашындай сарыға айналады деп жазыпты.
Сарылық болмауы үшін иыққа дейінгі қалың шашқа арналған ағартқыштың қандай көлемі керек, айтып жіберіңізші. Сондай-ақ шашқа арналған бояуды қашан қайтадан пайдалануға болады?
Сұрақ: Бояудың компоненттерін араластырғанда (мен қою реңктерді пайдаланамын) қоспа қызып кетеді. Солай болуы керек пе? Ыстық бояуды шашқа жағуға бола ма?
Сарапшы жауабы: Расында, құрамында ағартқыш сүті бар бояуды араластырғанда (бұл қою реңктерге ғана қатысты – Піскен шие, Ыстық шоколад пен Аметист) пайдалану жөніндегі нұсқаулығында көрсетілгендей, дайындалған бояуды бірден пайдаланбаса, аппликатордағы қоспа қызып кетеді. Бұл құбылыстың бояу сапасымен және дерматологиялық қиындықтармен ешбір байланысы жоқ.
Сұрақ: Бұрын шашымды әртүрлі қымбат емес фирмалар ұсынатын қара түсті бояуларымен бояйтынмын. Faberlic-тің «Супер блонд» берік крем-бояуының көмегімен шашымды ағартып, қара түсті кетіре аламын ба (және бұл шашыма зиян келтірмейді ме)? Егер бұл мүмкін болса, онда қанша бояуда бұған жетуге болады?
Сарапшы жауабы: Әрине, Faberlic-тің «Супер блондын» пайдалану арқылы қара түсті кетіруге болады. Бұл жерде мәселе шашыңызды қаншалықты ашық еткіңіз келетіндігінде.
Сұрақ: Faberlic-тің берік крем-бояуының қаптамасындағы сандар не үшін қажет және олар қалай «оқылады»?
Сарапшы жауабы: Сандар бояу түсін нақты анықтап, оның дәл қандай реңктерден тұратындығын анықтау үшін қажет. Мысал ретінде сандық коды 8.34 болып табылатын «ашық сары-сұрғылт» реңкті (арт. 8823) алайық. Нүктенің сол жағында орналасқан алғашқы сан ашықтық деңгейін білдіреді: бұл санның мәні неғұрлым жоғары болған сайын (1 мен 10 арасындағы шкала бойынша), ол бояу соғұрлым ашық болып келеді.
Сұрақ: Шаштың түсуіне қарсы сусабын шындықпен жанаспайтын жай ғана жарнамалық қадам екендігі рас па?
Сарапшы жауабы: Иә десе де, жоқ десе де болады. Бір жағынан, сусабын — дәрі емес, жуғыш зат. Егер бұл жерде тұқым қуалайтын себептерге және гормоналды дисбалансқа байланысты андрогенді алопеция жөнінде айтылса, онда сусабынға ғана сенудің қажеті жоқ.
Сұрақ: Faberlic сусабындары одан арзан «туыстарынан» несімен ерекшеленеді?
Сарапшы жауабы: Мүлдем арзан сусабын — бұл ПАВ + су + қоюландырғыш ретінде тұз + хош иістендіргіш + бірнеше тамшы кондиционер, бұл сусабынды пайдаланғаннан кейін адамдарда бас терісінің ауруы пайда болмауы үшін қажет.
Сұрақ: Басты аптасына неше рет жуу керек?
Сарапшы жауабы: Қалағаныңызша жуа беріңіз. Егер қажеттілік болса, басыңызды күн сайын жусаңыз да болады. Жарты ғасыр бұрын косметологтар расымен де «басты» аптасына 1-2 реттен жиі жумауға кеңес берген. Бірақ бұл ол уақыттағы субасын құрамының автомобильге арналған жуғыш заттардың құрамынан аса ерекшеленбеуімен байланысты. Ол уақыттан бері химиктер нәзік жуғыш заттарды жасап үйренді, сусабындар шаштың табиғи майын кетірмей және оны кептірмей, шаштың ластануынан арылтады.